Шешенстан елі Мьянма мұсылмандарын қорғау мақсатында жаппай шеруге шықты
Мьянмада өз азаматымыз деп қабылдамай жатқан рохинджа халқын қолдау мақсатында Шешенстанда 1,1 млн адам шеруге шықты.
Грозный қаласында болған шеруге 1 млн 100 мың адам қатысты. Қоғамдық шара ешқандай дау-дамайсыз өтті.
Көпшілік «Мьянмада геноцидке жол жоқ», «Бирмадаға мұсылмандарды азаптауды тоқтатыңыздар» деген плакаттар алып шықты. Шеруге ел президенті Рамзан Қадыровтың өзі қатысты. Одан бөлек Ингушетия мүфтиі Иса Хамхоев пен Солтүстік Осетия өкілдері, Қарашай-Шеркес өкілдері қатысты.
Митингі қорытындысы бойынша қатысушылар Ресей президентін Мьянмадағы қантөгісті жоюға шақырды.
Еске салсақ, Мьянмада болған армия, полицейлер және негізінен исламды ұстанатын этникалық азшылықтағы рохинджалар арасындағы қақтығыстан қаза тапқандар саны соңғы күндері 400-ден асып кеткен.
Тағы да оқыңыз:
Гүлнара Каримованың 18 жастағы қызы алғаш рет ресми шарада төбе көрсетті (фото, видео)