Шешенстан басшысының ұлы жол апатынан комаға түсті

Фото: Видеодан скриншот
Шешенстан президентінің ұлы Адам Қадыров жол апатына ұшырап, ауруханаға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы Адам Қадыров жол апатына ұшырап, Грозныйдағы ауруханаға жеткізілді.
Дереккөздің айтуынша, ол жатқан ауруханаға баратын жол жабылған.
Адам Қадыровтың кортежі көліктерді бірінен кейін бірін басып озып, жылдам жүріп келе жатып, кенет кедергіге тап болған.
Сондай-ақ бірнеше адам зардап шеккен.
Шешенстан президенті 20 жастағы ұлын елдің вице-премьері етіп тағайындады
Кейін Қадыровтың есін жиғаны және оның жағдайына қауіп төніп тұрмағаны айтылды.
Шешенстан билігі Адам Қадыровтың қатысуымен болған апат туралы хабарламаларға әлі түсініктеме берген жоқ.
Адам Қадыров 18 жаста. Ол – Шешенстан қауіпсіздік кеңесінің хатшысы. 2025 жылдың сәуірінде ол Шешенстан бойынша ішкі істер министрлігінің кураторы болып тағайындалды. Қадыров сонымен қатар Путин атындағы Ресей арнайы күштері университетін, сондай-ақ Ресей қорғаныс министрлігінің Шейх Мансур және Байсангур Беноевский батальондарын басқарады.
Еске салсақ, бұған дейін Рамзан Қадыров 80-нен астам туысын басшылық лауазымдарға тағайындағаны туралы хабарлаған едік.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты