Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шерзат Полаттың үйінің өртенуіне қатысты іс қайта тергелмек

Шерзат Полаттың үйінің өртенуіне қатысты тергеу тоқтатылдыФото: Әлеуметтік желіден

Шерзат Полаттың үйінің өртенуіне қатысты іс қайта тергелмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Шерзат Полаттың үйіне өрт қойғандардың ісіне қатысты пікір білдірді.

"Қазірше жаңа мәліметтер жоқ. Біз Ресей тарапынан халықаралық тергеу нәтижесін күтіп отырмыз. Оны алғаннан кейін, тергеу қайта жалғасын табады", – деді ол.


"Шерзатты өзінің әкесі өлтірді": Желіде даулы мәлімдемелер жасаған блогер 20 тәулікке қамалды

Талғарда қайғылы оқиға болған көшеге Шерзат Полаттың есімін беру ұсынылды


Айта кетейік, 2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан еді. Оның өлімі қоғамда үлкен наразылық тудырды. Бірнеше күннен кейін, 12 қазанға қараған түні Нұрымовтар отбасының үйі толығымен өртеніп кетті. Бас прокуратура өрттің қасақана жасалғанын мәлімдеді. Бас прокурордың орынбасары Шерзат Полаттың үйінөртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылатынын мәлімдеді.

2025 жылдың 14 тамызында марқұмның үйіндегі өртке қатысты тергеу тоқталғаны белгілі болды.

 

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 24 Қыркүйек, 2025 19:31
Талқылау