Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеу аяқталды

Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Қаржаубай Нұрымовтың желідегі парақшасынан

17 қаңтар күні адвокаттар тергеу әрекеттерінің аяқталғаны туралы ресми хабарлама алды. 


Шерзат Полаттың өлімі бойынша 9 қылмыстық іс қозғалды


"17 қаңтарда тергеу әрекеттерінің аяқталғаны туралы ресми хабарлама алдық. Бұл сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды деген сөз. Жұмысымыздың маңызды кезеңдерінің бірі артта қалды”, – делінген ақпаратта. 

Енді тараптар қылмыстық іс материалдарымен танысуға кіріседі.

Осыған дейін, мәжіліс отырысында депутат, заңгер Абзал Құспан Талғар қаласында 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық істің қашан сотқа жіберілетінін айтқан еді.

Еске салайық, 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан еді. Оның өлімі қоғамда үлкен наразылық тудырды. Марқұмның әкесі туыстарымен және жергілікті тұрғындармен бірге әділ тергеу жүргізуді талап етіп, наразылық ұйымдастырды. Бірнеше күннен кейін, 12 қазанға қараған түні Нұрымовтар отбасының үйі толығымен өртеніп кетті. Бас прокуратура өрттің қасақана жасалғанын мәлімдеді. Жергілікті билік отбасына уақытша баспана мен тәулік бойы күзет берді. Сондай-ақ әкімдік үйді қалпына келтіруге уәде берді.

Оқиғаларды тергеу кезінде ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов пен Алматы облысының прокуроры Берік Адамов 12 қазанда кінәлілерді анықтау бойынша шаралар туралы мәлімдеді. Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін Талғарға Ұлттық ұлан күштері жұмылдырылды.

9 желтоқсанда Талғардың шетінде Шерзат Полаттың жанында болып, қақтығыс кезінде қаза тапқан жасөспірімнің әкесінің жанында жүрген оның ағасының денесі табылғаны белгілі болды. Полиция мәліметінше, ер адам өзіне қол жұмсаған.

Талқылау