Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шерзат Полат ісі бойынша сотталған Равиль Сакиевтің анасына балағат сөз айтқаны үшін айыппұл салынды

Видеодан скрин

Шерзат Полат ісі бойынша сотталған Равиль Сакиевтің анасына балағат сөз айтқаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жетісу облыстық сотында Шерзат Полаттың өліміне қатысты істің үкімі оқылды. Аталмыш іс бойынша  20 жылға бас бостандығынан айырылған Равиль Сакиевтің анасы үкім оқылғаннан кейін зот залында шу шығарған. 

Полиция сотталушының анасы Баян Сармановаға дөрекі сөздер айтып, тәртіп бұзғаны үшін айыппұл салды.


"Кінәлары толық дәлелденген": Судья Шерзат Полатты өлтіргендерге қатысты сот үкімін түсіндірді

"Айтбек мырзаның тобының қателігі": Шерзат Полаттың әпкесі Перизат Нұрымова сот үкіміне қатысты пікір білдірді


"Полиция департаменті әділдікке қысым көрсетуге жол жоқ екеніне баса назар аударады. Жағдайды тұрақсыздандыруға, сот шешімдерінің орындалуына кедергі жасауға немесе сотқа құрметсіздік білдіруге бағытталған кез келген әрекет заң шеңберінде қатаң тоқтатылады. Жазаның орындалмауы мүмкін емес деген қағида бұзылмайды", – делінген Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарламасында. 

Айта кетейік, сот отырысынан кейін Равиль Сакиевтің анасы Stan.kz журналисіне айғайлап, сот әділ өтпегенін жеткізді. Сондай-ақ жәбірленуші тарапты "қарабеттер, қалпақтар" деп атап, балағат сөздер айтқан еді.

Еске салсақ, бұған дейін Шерзат Полатқа қатысты сот үкімінен соң сотталушылар мен олардың ата-аналары шу шығарғаны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 05 Маусым, 2025 20:51
Талқылау