“Шерхан — шыныменде де жақсы қақпашы” — Қайрат Боранбаев
Фото:F.C.kairat
Алматылық “Қайрат” футбол клубының иесі Қайрат Боранбаев 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмұрзаның ойынына баға берді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі 1bol сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
“Қалмырза, әрине, ерекше мүмкіндік алды. Иә, бұл мүмкіндік негізгі ойыншылардың жарақатына байланысты туғаны өкінішті, бірақ Шерхан өзін өте сенімді ұстап жүр. Біз оның ойынына қуаныштымыз — ол шынымен де жақсы қақпашы. Кейде алаңда ауыр соқтығыстар орын алғанда, еріксіз күліп ойлаймыз: "Тек жарақат болмасын, әйтпесе қақпада 16 жастағы бала қалуы мүмкін ғой", — дейді Боранбаев әзілмен.
Сондай-ақ Қайрат Боранбаев жас футболшыларға да сенім артуға болатынын, олар алдағы уақытта тәжірибелерін жетілдіріп шыңдалатынын айтты.
Біз жас футболшыларға сенім арта алатынымызды көріп отырмыз. Олардағы ынта мен деңгей қуантады. Әрине, тәжірибе әлі аз, бірақ Шерхан бір жылдан астам уақыт "Қайрат-Жастар" сапында Бірінші лигада ойнады, яғни ересектер футболын сезінді. Әрине, "Селтик" пен "Реал Мадрид" деңгейі мүлде басқа, бірақ ол бұл сынға лайық екенін көрсетті. Ең маңыздысы — командадағы барлық ойыншылар оны қолдап, "Шерханға көмектесеміз, өзімізді де саламыз, тек ол өзіне сенімді болсын" деді", — деді Боранбаев.
Естеріңізге салсақ, “Қайрат” клубының негізігі қақпашысы Александр Заруцкий “Селтикке” қарсы ойында сырт алаңда ауыр жарақат алып, орнына Темірлан Анарбеков шыққан еді. Алайда ішкі чемпионатта Анарбеков те аса ауыр жарақат алуын байланысты 18 жастағы Шерхан Қалмұрза “Спортинг” пен “Реал Мадридтке” қарсы ойында негізігі қақпашы ретінде қақпаны қорғады. Осы ойынынан кейін ол, жанкүйерлердің ерекше ықаласына бөленді.

Қазақстан қалаларында қоғамдық көлікпен жүру құны қанша
