Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шерхан Мұртазаның жалғыз ұлы қайтыс болды

Халық жазушысы, көрнекті қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның жалғыз ұлы Батылжан Шерханұлы қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

фото:anatili.kazgazeta.kz

Қаралы хабар жайлы журналист Бану Дәулетбаева жазды.

"Шерхан Мұртазаның ұлы қайтыс болды деген хабар жетті. Жалғыз ұлы еді. Тұлпардың соңғы тұяғы...", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Қазақстан жазушылар одағы бұл ақпаратты растап отыр.

"Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның жалғыз тұяғы Бақытжан Шерханұлы дүниеден озғаны жөнінде қаралы хабарды жеткіземіз.Жаназасы Самал-1 шағын ауданы, №16 үй, 7-пәтер 2023 жылғы 28 шілде күні сағат 10:00-де шығарылады", - деп хабарлады Жазушылар Одағының өкілі.

Жерлеу рәсімі Алматыдағы "Кеңсай-2" зиратында өтеді.

Айта кетейік, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның бір ұл, бір қызы бар. Ұлы - Батылжан Шерханұлы, қызы - Алма Шерханқызы.

Талқылау