Шерхан Қалмұрза 50 метрден соққан допты қайтара алмай, жанкүйерлердің сынына қалды
Фото:”Қайрат” фк
“Қайрат” жастары өз алаңында астаналық “SD Family” клубын қабылдады. Тартысты ойын 5:1 есебімен алматылықтардың айқын жеңісімен аяқталды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Алайда ойынның 83-минутында күтпеген жағдай орын алды. Астаналық команда сапынан Артур Дадаханов 50 метр қашықтықтан айып добын орындап, тамаша гол соқты. “Қайраттың” қақпашысы Шерхан Қалмұрза бұл соққыны қайтара алмай қалды.
Кейіннен осы эпизод әлеуметтік желілерде қызу талқылануда.
“Еуропа көзіңді жұма тұршы”, “Қайтар машинаны”, “Жоқ, дұрыс, спорт, бәрін түсінеміз бәріміз. Бірақ 50 метр жерден соғылған топты қайтара алмау деген мүмкін емес шығар? Мен ойлаймын мүлде қақпашы болмаған адамның өзі бұл соққыны қайтара алады”, “Гол жіберуден чемпион ғой бұл бала”, “Мақтаған қыз тойда…”, “Осындай қақпашыны қалай мақтайды?”, “Тарих жасады машина беру керек”, – деп жазып жатыр кейбір жанкүйерлер.
Айта кетейік, Шерхан Қалмұрза 18 жастағы "Қайраттың" жас қақпашысы Лиссабонда өткен "Спортингке" қарсы ойында пенальтиді қайтара отырып, Чемпиондар лигасының жылнамасына енді. Ол – турнир тарихында он сегіз жасқа жетпей-ақ 11 метрлік соққыны қайтарған ең жас голкипер атанды. Сонымен қатар ол азулы “Реал Мадридке” қарсы ойында алаңға шықты. Сол кезде Шерхан Қалмұрза жанкүйерлердің ерекше ықыласына бөленген еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

