AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шенге құмарлардың әрекетінен кейде қылмыс жоқ жерде ойлап табылған – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Олжас Бектенов алқа отырысында құқық қорғаушылардың шенге жетуі үшін болмаған қылмысты болды деп ойдан шығаратындарын айтып, күш қолданып, жалған есеп жасайтындарды сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бектенов жақында аумақтық департаменттерге лауазымды тұлғаларды жауапқа тартқаны үшін қалай балл берілгенін айтты.

"Қызметкердің шенге құмарлығы неғұрлым көп болса, балл да соғұрлым жоғары болады. Біз  бағалау жүйемізді талдай отырып, көрсеткіштеріміздің басым бөлігіне азаматтар біздің жұмысықа қанағаттанбайды деген қорытындыға келдік", - деді Олжас Бектенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысында.

Оның айтуынша, жедел жағдай мен шағымдардың мониторингі азаматтардың Антикор жұмысына әрдайым қанағаттанбайтындығын көрсетеді.

“Қарапайым әлеуметтік желілерден адамдардың пікрінен-ақ көруге болады. Қоғамға тыныш өмір, баспана мен дұрыс жолдар, құнарлы жер мен ауыз суы, сапалы білім мен медициналық қызмет, әділ сот пен қауіпсіз орта қажет. 



Міне елдің бізден сұрайтыны осы. Ал біз осыларды естімегендей кейіп танытып әдемі статистика көрсету үшін жұмыс істейміз. Мен ешқандай цифрлардың сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі жұмыстың тиімділігін толық көрсете алатынына сенбеймін”, – деп қосты Бектенов.

Ол атап өткендей, әрбір басшы көрсеткіштері үшін азаматтардың жеке мәселелерін шешумен емес, жалпы мақсаттағы нәтижелерге жетуге тырысқаны дұрыс.

"Біз нақты нәтижеден гөрі процестің өзіне көбірек құмармыз. Қайтсем де өткен жылға қарағанда көбірек қылмыс ашуым керек деген түінікті ұстанғандар көп. Егер шынымен жемқорлықтың алдын алып, қылмыстар ашылған болса, ел бойынша нақты көрсеткіштер неге басқаша? Нәтижеге жету үшін күш қолдану арқылы барлық мүмкін деген жолдарды пайдаланып жатады. Өкінішке орай бұндай жағдайлар басынан өткен адамдардың айтар мысалдары аз емес", - деді Антикор басшысы.

Олжас Бектенов мемлекеттік қызметшілердің қылмыстық орта жұмысына жаппай, негізді түрде тартылмауы дәл осы "таяқ" жүйесімен тікелей байланысты екенін атап өтті.

“Егер қоғамда тыныштық орнамаса,  адамдар үшін жасалған қылмыстың көрсеткіштері мен қамалған қылмыскерлер туралы мәліметтердің еш маңызы жоқ.

Ең сорақысы шенге құмарлардың әрекетінен кейде қылмыстар жоқ жерде ойлап табылған. Соның салдарынан есеп құжаттарындағы әр санның біреудің тағдырына, туыстары мен жақындарының өміріне әсер ететінін ұмытып жатады", - деді Бектенов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр