Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шенеуніктің немересі тұрмысқа шығудан бас тартқан қызды атып өлтірді

Шендінің немересі тұрмысқа шығудан бас тартқан қызды атып өлтірді.

Пәкістан үкіметінің белді саясаткерлерінің бірінің немересіне тұрмысқа шықпаған қыз құрбан болды.

Оқиға 28 қаңтар күні болған. Марқұм қыз өзін кімнің өлтіргенін айтқанымен полиция күйеужігіт пен оның ағасын қолға түсірген жоқ.

Бойжеткен медицина факультетінің 3-курсында оқыған. Пәкістан қозғалысы бөлімінің өңірдегі басшысы Имран Ханның немересі Муджахидуллах оған көңіл білдіріп, үйленуге ұсыныс айтқан. Бойжеткен ұсынысты қабылдамағаны үшін құрбан болды.

Көшеге шыққан бойжеткенді күйеужігіт пен ағасы күтіп тұрған. Олар ойланбастан оқ атып, қызды атып өлтіреді. Бойжеткен өлер алдында  қылмыскердің атын атаған.

Қыздың туыстарының айтуынша күйеужігіт отбасылы болғандықтан оның ұсынысын қабыл алмаған. Оқиғадан соң күйеужігіт Дубайға кетіп қалғанға ұқсайды. Полиция бұл деректі растаған жоқ.

Жантүршігерлік оқиға елде қызу талқыланып, аймақ басшысының өзі тілшілердің сауалына жауап беруге мәжбүр болды.

Тағы да оқыңыз:

Анасы шынжырлап ұстап отырған әйел көз жұмды

Мұсылман мемлекеті Иранда қыздар хиджаб киюге қарсы шықты

Талқылау