Шенеуніктердің коммуналдық қызметтерін төлеуге қазақстандықтардың қанша ақшасы жұмсалады
Қаржы министрі Мәди Такиев мәжіліс кулуарында мемлекеттік аппараттың жалақысына бюджеттен қанша ақша бөлінетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Мәжілісі кулуары
Оның айтуынша, бюджеттен тек жалақы төлеуге ғана емес, басқа шығындарға да қаражат бөлінеді.
"Оған тек шенеуніктер ғана емес, құқық қорғау органдары қызметкерлері де жатады. Жалпы, бюджет қызметкерлері. Бұл – үлкен әскер. Қазір барлық мемлекеттік мекемелердің коммуналдық қызметтеріне шамамен 30 миллиард теңге, жалақыға – 1 трлн теңге (Барлық мемлекеттік қызметкер, әскери қызметкерлер және т.б.) жұмсаймыз деп айта аламын", – деді Мәди Такиев.
Ол бұл сомаға сыйлықақылар да кіретінін айтып, ал медициналық көмек ММС шеңберінде жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда коммуналдық тарифтер көтерілетінін және ол қаржы қайда жұмсалатынын айтқан еді.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”