"Шенеуніктерді сотқа береміз": ШҚО-да жедел жәрдем дәрігерлері тиісті үстемақы төленбегенін айтып шағымданды
Шығыс Қазақстанда үлкен жанжал туындады. 300-ге жуық дәрігер пандемия кезінде жұмыс істегені үшін тиісті үстемақы төленбегенін айтты. Енді олар шенеуніктердің үстінен сотқа арызданбақ. Жағдайға аймақтың бас дәрігері араласуға тура келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Шығыс Қазақстандағы жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкерлері тиісті үстеме ақылар төленбегенін мәлімдеді. Жалпы сома әлі нақтылануда, бірақ дәрігерлер миллиардтаған қарыздар туралы айтып жатыр.
Фельдшерлер мен жылжымалы бригадалардың жүргізушілері мүдделеріне нұқсан келтіріліп, есептеулер мен төлемдерді өздері қалағандай жасап жатқанын хабарлады.
"Үкімет қауіптің үш санатын көрсетті: бірінші, екінші және үшінші. Біз екінші санатқа жатамыз. Ай сайын жалақыға қосымша 425 мың теңге қосып алуымыз керек. Бізге әртүрлі төленеді. Бастапқыда ЖРВИ төленді. Содан кейін өткен жылдың екінші жартысында – тамыз-қыркүйек – короновирус инфекциясы бар науқасқа қызмет етсеңіз – және бұл инфекция расталған жағдайда ғана төлей бастады", - деді жедел жәрдем бригадасының фельдшері Игорь Стрельник.
Нәтижесінде облыстың 300-ге жуық медицина қызметкері осындай мәселемен адвокаттан көмек сұрады. Ол дәрігерлер мен жедел жәрдем бригадаларына күн сайын жұмыста ковид жұқтыру қаупі төнгеніне қарамастан, жалақы мен үстеме ақыны есептеу кезінде бұзушылыққа жол берілгеніне сенімді.
"Бұл бұйрық түсіндірілмеген: яғни қандай диагноздарды ескеру керек. Алайда, бұл жерде "тәуекел үшін" деп көрсетілген. Яғни, дәрігерлер екінші жыл қандай жағдайда жұмыс істеп жатқанын білеміз. Олар үшін кез келген коронавирусқа күдік бар шақыруға бару – бұл тәуекел. Дәрігерлер де солай ойлайды", - деді адвокат Елена Сухова.
Жанжалға облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы араласуға мәжбүр болды. Ол заңсыздықтар болғанын үзілді-кесілді жоққа шығарды.Барлық төлемдер есеп бойынша жасалады. Алайда ол әр істі тексеруге келісті. Ол үшін тіпті арнайы комиссия құрды.
"Барлығы елімізде қарастырылған тарифтер аясында төленеді. Барлық төлемдер емдеу мекемелері беретін есептеулерге сәйкес жүргізіледі. Өткен жылы Өскемен қаласының жедел кезек күттірмейтін көмек станциясы бойынша ай сайын үстемақы төлемдеріне орташа есеппен 900-ден миллиард теңгеге дейін соманы құрағанын айтқым келеді", - деді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Омарбеков.
Тексеру нәтижелері қашан белгілі болатыны әзірге белгісіз. Бірақ дәрігерлер қазірдің өзінде шенеуніктерді сотпен қорқытып отыр. Егер төлемдер басталмаса, облыстық денсаулық сақтау басқармасына шағым түсіреді.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
