Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шенеунік министрлікті сотқа берді: Құзырлы органдар мәселенің мән-жайын түсіндірді

Қаржы министрлігі Ақтөбе қаласы тұрғынының ведомствоға шағым түсіру себептерін түсіндірді. Сот шешімімен ақталған азаматша Дюсекенова моральдық зиянды өтеуді талап етіп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе қалалық соты Ж.Б.Дюсекенованың 3 000 000 теңге мөлшеріндегі моральдық зиянды өтеу туралы талап арызын қарап жатыр. Айта кетейік, аталған іске Ақтөбе облысының полиция департаменті мен қаржы министрлігі тартылды.

Қаржы министрлігі аталған санаттағы істер бойынша сотқа мемлекеттік қазынаның өкілі ретінде қатысады және қылмыстық қудалауға ешқандай қатысы жоқ.

Сонымен бірге министрлікте сот ақтаған адамның қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз әрекеттері нәтижесінде келтірілген зиян үшін өтемақы алуға құқылы екенін айтты.

Төлем Қаржы министрлігі басқаратын 010 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві" бюджеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ведомствода бұл азаматтық істі қарау әлі аяқталмағанын атап өтті.

Еске салайық, 2019 жылғы 14 наурызда Ж.Б.Дюсекенова Ақтөбе облысы ІІД-нің ішкі істер басқармасы аға тергеушісінің қаулысымен қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылған.

Кейін тергеліп жатқан қылмыстық іс Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке өткізіліп, тергеу нәтижелері бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Ақтөбе қаласының №2 сотының 2020 жылғы 19 ақпандағы үкімімен Дюсекенова Ж.Б. іс-әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық болмағаны үшін ақталды.

Ақтөбе қаласы №2 сотының 2020 жылғы 24 шілдедегі қаулысымен Ж.Б.Дюсекенованың мүліктік зиянды өтеу бөлігінде талаптары қанағаттандырылды және оның пайдасына мемлекет қазынасынан 4 072 073 теңге өндірілді.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстандық шенеунік қаржы министрлігінің үстінен арыз бергені туралы жазған болатынбыз. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр