Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шекарадағы карантиндік стационарлардағы жағдай қазақстандықтардың жағасын ұстатты

Шекарадағы карантиндік стационарлардағы жағдай қазақстандықтардың жағасын ұстатты. Олар бақылаудың күшеюіне байланысты кезекті бірнеше сағат бойы күтуге мәжбүр екенніне наразы. Мысалы, Павлодар облысында 4 өткізу пункті ұйымдастырылды, бәрінде кезек, деп шағымданды адамдар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ереже бойынша, шетелден ПТР-тестсіз келген Қазақстан азаматтары экспресс-талдауларға жіберіледі. Нәтижелерді жақын маңдағы ауылдардағы карантиндік стационарларда бір тәуліктен артық күту керек. Оларға жету қиын. Адамдар өздерін ықтимал жұқтырған адамдармен бірге тар бөлмелерде жатқызып қоятынына наразы.

Бұл сынға денсаулық сақтау басқармасындағылар жауап ретінде шекара маңындағы стационарларға аудан әкімдіктері жауапты екенін айтты. Қолайсыздықты сезінбеу үшін келушілерге бірден дайын және мерзімі аяқталмаған ПТР-тесті нәтижесімен келуге кеңес берді. 

"Егер азаматтарда мұндай нәтиже болмаса, олар карантиндік стационарларға орналастырылады. Аудан әкімдіктері бұл жағдайды қамтамасыз етуі керек. Бұл бірінші кезекте олардың құзыретінде", - деді Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы Ерғали Асылбеков.

Талқылау