Шайды сүтпен ішу зиян — диетологтар
Күнделікті ішіп жүрген қара шайды тек кейбір табиғи қоспалармен араластыруға болады. Бұл туралы Ресейдің диетолог мамандары айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ресейдің диетолог маманы шай түрлерінің пайдасы мен зияны туралы айтып берді. Оның сөзіне сенетін болсақ, бал мен сүт сияқты өнімдерді шайға араластырмаған жөн.
«Балды ыстық шайға қоспаған дұрыс, себебі жоғары температурада ол өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтады. Сонымен қатар, шайға сүт қосып жиі ішкен дұрыс емес. Сүт шайдың құрамындағы антиоксиданттарды бейтараптандырады. Соның кесірінен асқазанда ауырлық сезімі пайда болуы мүмкін», - дейді диетолог маман.
Шай қаптамасында болатын шай түрлерінің пайдасы мүлдем аз: мұндай қаптамаларға жапырақтар ұнтақтандырылып салынады. Шайдың бұл түрінде жасанды дәмдеуіштер мен бояғыштар да кездесуі мүмкін.
Нанның адам денсаулығына пайдасы мен зияны анықталды >>>
Ыстық сусын таңдағанда оның дайындалатын жеріне басты назар аудару керек. Маман бір елде жиналып, дайындалған шай түрлерін сатып алуға кеңес береді.
Баршаның сүйікті сусыны бірқатар пайдалы қасиетке ие. Шайды жиі тұтыну қартаюды кейінге шегереді, жүрек-қан тамырлар жүйесін қорғайды, кейбір қатерлі ісіктердің алдын алып, адамның көз жанарына пайдасын тигізеді.
Шайға лимон және тосап араластырып ішкен абзал.