"Шай-шәй", "жай-жәй", "аруақ-әруақ". Дұрыс жазылуы қалай?
Тілімізде «шай-шәй», «жай-жәй», «аруақ-әруақ» деген сияқты варианттар көптеп кездеседі. Сөйлеуде шәй, жәй, әруақ деп айтқанымызбен, жазуда қалай қолданарымызды білмей абдырап қалатынымыз да шындық. Олай болса, бүгінгі материалымызда тілші ғалымдардың көзқарасы бойынша қай нұсқа дұрыс екенін талқылаймыз.
Жалпы, тілдегі бұндай құбылысты жарыспалылық немесе варианттылық деп атайды. Жарыспа тұлғалардың iшiндегi сан жағынан ең молы, қолдану жиiлiгi жағынан ең көлемдiсi – фонетикалық варианттар.
Бiр сөздiң дыбыстық варианты болу үшiн тiкелей аффикстер арқылы түрленбей, бiр түбiрдiң, не бiр ғана қосымшаның фонетикалық өзгерiске түсуiнен түзiлуi шарт (гауһар/жауһар, ғарiп/кәрiп, саудагер/сәудегер).
Фонетикалық варианттардың орфоэпиялық және орфографиялық түрлерi бар. Орфографиялық варианттарға жазуда еленбейтiн, жалаң сөйлеу тiлiне тән түрлерiн жатқызамыз (шай/шәй, жай/жәй). Олар үндестiк заңымен (өзен/өзөн, жүгiр/ жүгүр, керек/герек), жергiлiктi ерекшелiкпен (жыл/джыл, шара/чара), стильмен (әкелерiм/әкемдер) байланысты айтылады.
Бiр сөздiң баспасөзде әрқалай жазылуынан орфографиялық варианттар түзiледi (аулы/ауылы, даусы/дауысы, рахмет/рақмет, жина/жыйна).
Жарыспа варианттар - жалпы тiл заңдылығана сәйкес езгерiп отыратын, әлденеше қырынан көрiне алатын, оралымдық, икемдiлiк мүмкiндiгі мол тiлдiк категория.
Оларды әдеби тiл өлшемi тұрғысынан реттеуде нақтылы тiлдiк фактi, тәжiрибе ескерiлмек.
Белгілі ғалым Мәулен Балақайұлы Балақаев өзінің «Варианттар мен дублеттер» атты мақаласында былай дейді: "Вариантты дублеттерді сұрыптап, бір сыңарын әдеби тілдің нормасына айналдырудың көптеген жолы бар: орфография ережелері, сөздіктер мен оқулықтар арқылы таңдау, талғау жолы. Мұнда да субъективтік көзқарастар кездесіп қалуы мүмкін. Олай болмау үшін ғылыми дәлелдерге сүйену керек". Ғалым олардың біразын төмендегіше кестеге салып көрсетеді.
Бұл жерден бізді шатастыратын сөздердің нормасын көруге болады.
Біз, Stan.kz редакциясы, қазақстандықтар қазақ тілінде сауатты жазып, сөйлегенін қалаймыз. Осы орайда, "Таза тіл" шығарылымдар сериясын жарияладық.
Қазақ тілінде сөйлеуде тағы қандай сәттерде қиындық туындайды? Адамдар қай кезде жиі қателеседі? Егер сауалдарыңыз болса, келесі форма арқылы бізге сұрақ жолдаңыз
Риторикалық сұрақ дегеніміз не?

“Кадрда көрінбеуің керек": "Жайдарман" ойындарын көруге барған қазақстандық ару орамалы үшін қысымға ұшыраған
