Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде үздік ондықтан шығып қалды
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (16-0) жартылай орта салмақ бойынша UFC рейтингінде бір сатыға төмен түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл Джефф Нил бразилиялық Висенте Люкені уақытынан бұрын жеңген соң орын алды. Нил бірден 5 сатыға жоғарылап, қазір 8-орында тұрақтады. Ал Люке үш сатыға түсіп, 9-10-орынды Хорхе Масвидальмен бөлісті. Қазір отандасымыз рейтингте 11-орында тұр.
26 маусымда Рахмонов UFC-дегі төртінші жеңісіне қол жеткізген. Ол Нил Мэгниді тұншықтыру әдісі арқылы жеңді.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”