Шавкат Рахмонов Шон Брэдиге қарсы UFC Катар турнирінде жекпе-жек өткізуі мүмкін
Фото: Шавкат Рахмоновтың желідегі парақшасынан
Қараша айының 22-сінде Дохада қазақстандық Шавкат Рахмонов (19-0, UFC: 7-0) пен америкалық Шон Брэди (18-1, UFC: 8-1) арасында кездесу өтуі жоспарлануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Спорт Шредингера порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл жекпе-жек Рахмоновтың P4P рейтингіндегі үздік 15 қатарға енгеннен кейінгі алғашқы айқасы болмақ. Жартылай орта салмақта Шавкат үшінші орында тұрса, Брэди екінші орында келеді. Жекпе-жектің жеңімпазы UFC чемпиондық белдігіне міндетті үміткер атанады.
Әзірге UFC Катар турнирінің ресми кардындағы жекпе-жектер жарияланған жоқ. Бұған дейін Брэди UFC ұйымынан ұсыныс алып, уақыты мен қарсыласқа келісімін бергенін айтқан еді. Дегенмен қарсы тараптың растауын күтуге байланысты келісімшартқа әлі қол қойылмаған.
Бұған дейін Рахмоновтың UFC-дің салмақ дәрежесіне тәуелсіз рейтингінде (P4P) үздік 15 спортшының қатарына қосылғанын хабарлаған едік.
Талқылау

"Сәлем" сөзі араб тілінен енген, қазақтікі "армысыз": BI Group компаниясының амандасуға қатысты ұсынысы қоғамда сынға ұшырады
Жігіттің пікірінше, мұндай тұжырымның өзі қате

Екі қыз анасыз қалды: Атырауда ер адам әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді
Туыстары Ләззатты күйеуі үнемі ұрып-соққанын айтады