AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шавкат Рахмонов ММА рейтингінде үздік ондыққа кірді

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов барлық салмақ дәрежесі бойынша аралас жекпе-жектің ең мықты спортшылар рейтингінде серпіліс жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


MMAFighting порталы жаһандық рейтингтің жаңартылған нұсқасын ұсынды. Рейтингке UFC, Bellator, ONE FC және басқалары сияқты үздік лигаларда өнер көрсететін спортшылар кіреді.

Рахмонов бұған дейін бұл тізімде 13-ші орынды иемденген болатын. Қазір сегізінші орынға көтерілді.
"Жартылай орта салмақ дәрежесінде тек қана бір файтер айтарлықтай серпіліс жасады. Ол "жеңілмейтін" Шавкат Рохманов. Оның бастамасы жаман емес. Рахмонов UFC-де қатарынан алғашқы төрт жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады"

Оның Карлстон Харрис, Мишель Празерес және Алекс Оливейрамен болған жекпе-жектердегі жеңістері таң қалдырды, бірақ Шавкаттың қазіргі уақытта Джордж Сент-Пьермен UFC жеңіл салмақтағы жеңістер саны бойынша рекордты (19) бөліскен Нил Мэгниге қалай барғанын көру өте әсерлі болар еді. 

Осы айда Рахмонов тізімдегі өз орнын 5 позицияға көтеріп, 8-ші орынға жайғасты. Бірақ сіздерге түсінікті болу үшін айтар болсақ, ол дауыс беру бюлетендерінің бірінде 3-ші орынды иемденіп, ал қалған 6 бюлетен бойынша есептегенде үздік ондыққа ілінді", - деп жазды MMAFighting басылымы.

ММА жартылай орта салмағы бойынша рейтинг:
1. Камера Усман
2. Колби Ковингтон
3. Хамзат Шымаев
4. Леон Эдвардс
5. Гилберт Бернс
6. Біләл Мұхаммед
7. Ярослав Амосов
8. Шавкат Рахманов
9. Висенте Луке
10. Шон Брэди
11. Стивен Томпсон
12. Майкл Чиеза
13. Логан Сторли
14. Роберто Солдат
15. Кевин Холланд

Естеріңізге сала кетейік, Рахмонов өзінің соңғы жекпе-жегін 26 маусымда Лас-Вегаста өткізді.  Ол американдық Нил Мэгниді тұншықтыру әдісімен жеңген болатын. Қазақстандық үшін бұл жеңіс 16 жекпе-жек барысындағы 16-шысы болды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр