Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шавкат Рахмонов "мансабындағы ең маңызды жекпе-жек" алдында қарсыласымен көз арбасты

Шавкат Рахмонов АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында қарсыласы Стивен Томпсонмен көз арбасты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

шавкат

Рахмонов UFC 296 турнирінің басты кардында жұдырықтасады. Ал жекпе-жек Лас-Вегас қаласында 17 желтоқсанда таңертең өтеді. 

Рахмонов қазір рейтингте 5-орында, ал қарсыласы Томпсон 6-орында тұр. 

Бұған дейін америкалық комментатор Лора Санко Шавкат Рахмоновты көргенде "денесі тітіркенетінін" айтып, спортшыға сәттілік тілеген еді. 

"Шавкат! Қазақстан, алға! Сенің қолыңнан келеді. Қысым көрсет, бірақ ақылмен жұдырықтас. Қорғануды ұмытып кетпе. Қазақстандағы адамдарды есіңнен шығарма. Грэплингті қолдан, басымдық таныт. Шавкат, сәттілік", – деді ол. 

Талқылау