Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шавкат Рахмонов кезекті жеңісінен кейін UFC рейтингінде бірден үш сатыға көтерілді

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов кәсіби мансабындағы 17-жекпе-жегінен кейін рейтингте үш сатыға көтерілді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

шавкат

28 жастағы спортшы UFC-дегі бесінші жекпе-жегін америкалық Джефф Нилге қарсы өткізген еді. Лас-Вегаста өткен кездесуде отандасымыз қарсыласын үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді. 

Жаңа рейтинг бойынша Шавкат 6-орынға тұрақтады. Бұған дейін ол 10-орында болған.

Жартылай орта салмақта Леон Эдвардс чемпиондық белбеу иегері, ал рейтинг басында Камару Усман тұр. Екінші орында Колби Ковингтон, үшінші орында Хамзат Чимаев орналасты. 

Талқылау