Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шавкат Мирзиеев Өзбекстандағы президент сайлауында жеңіске жетті

Өзбекстанда орталық сайлау комитеті президентті мерзімінен бұрын сайлау қорытындыларын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Шавкат Мирзиеев

Қазіргі президент Шавкат Мирзиеев 87,05% дауыс жинаған.

Мерзімінен бұрын президенттік сайлау 9 шілдеде Өзбекстанда өтті. ОСК мәліметтері бойынша, халықтың 69,85%-ы, яғни 13 млн 459 мың 677 адам дауыс берген.

Мемлекет басшысы лауазымына төрт кандидат үміткер болды. ОСК-да дауыс берудің алдын ала қорытындылары айтылды:

  • Ұлықбек Иноятов-4,02%;
  • Шавкат Мирзиеев-87,05;
  • Робахон Махмудова-4,43%;
  • Абдушукур Хамзаев-3,74%.

Өзбекстан заңнамасына сәйкес 33% халық келсе, сайлау өтті деп саналады. 

Президенттік сайлауда жеңіске жету үшін 50% - дан астам дауыс жинауы керек.

Естеріңізге салсақ, 9 шілдеде Өзбекстанда президент сайлауы аяқталды. 

Талқылау