Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шашын алқызыл түске бояп тастаған Жеңіс Ысқақова тағы да сынға ұшырады

Жеңіс Ысқақова тағы да имиджін өзгертті. Шашына тәжірибе жүргізуден қорықпайтын әнші бұл жолы оны алқызыл түске бояп тастады.

женіс ыскакова 140317

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Біраз уақыт көрермендер көзінен тасада болған әнші 2016 жылдың соңында қайта оралды. Тек оның жаңа образына көпшілік таңырқай қарады. Артық салмақтан арылып, қыздай болып алған Ысқақова артынша шашының түсін бірнеше мәрте өзгертті. Бір айдың ішінде шашын көк, ақшыл сары, қызыл түске бояды. Енді, міне араға бірнеше ай салып Ысқақова тағы да өзгерді.

Оның жаңа имиджі тыңдармандарының арасында қызу талқыға түсті. Көпшілік әншіге жаңа шаш үлгісінің жараспайтынын айтып жатыр.

“Сізге мынадай түс мүлдем жараспайды, өзгертіңізші өтініш”, “Жәке шаш үлгіңіз қартайтып тұрған сияқты, менің көзқарасым”, “Мен сізді бұрыннан жақсы көремін, бұрын сұлу едіңіз, салмақ тастағалы бұрынғы Жеңісті таба алмай жүрміз, толық болсаңыз да өзіңізге жарасып тұратын, қазір өзіңізге ұқсамайсыз, ренжімеңіз”, “Жеңіс ханым ренжімеңіз, маған да сіздің бұрынғы қалпыңыз ұнайды”, – дейді желідегілер.

Десе де “керісінше әдемі болып тұр” деп пікір білдіргендер де баршылық.

Жіберіп алмаңыз:

Тоқтар: Қыздарға қараймын, бірақ Бейбіт тоқал алуға рұқсат бермейді

Тоқтар Серіков: Бейбіттің құрбыларымен қосылып саунада демалғанын қаламаймын

Әншілер Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылын білмей ұятқа қалды

Баян Есентаева ҚызПУ ұстазын орнына қойды

Талқылау