Шашынан ұстап, басын көліктің капотына ұрған: Алматыда мас азамат бойжеткендерді аямай ұрып кеткен

Алматыда бойжеткендерді соққыға жыққан күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алина

Бұл туралы SVET қоғамдық қорының желідегі парақшасында жарияланды. 

Оқиға 25 шілде күні Алматының Абылай хан даңғылында орын алған. Көліктерінің жанармайы таусылған соң қыздар Қазыбек би көшесінің аумағына тоқтауға мәжбүр болған. Осы кезде белгісі мас адам олардың жанына келіп әңгімеге тартпақшы болыпты, алайда бойжеткендер онымен сөйлескілері келмейтінін білдіріпті. Бұған ашуланған бөтен азамат оларды балағатай бастаған. Ішімдікке тойып алған бейтаныс адамның бұл қылығына шыдамаған құрбылардың біреуі оған өз жолымен кетуін кесіп айтқан. Оны естіген азамат әлгі бойжеткеннің шашынан шап беріп ұтсап, оның басын көліктің капотына ұра бастаған. 

"Сосын ол мені ұра бастады. Бетімнен ұрып жіберді. Қолы гипс екен, соққысы ауыр тиді. Жерге құлап, бірнеше минутқа есеңгіреп қалдым. Құрбым көмек сұрап, айқайлай бастады, бірақ ешкім келмеді. Сосын ол мені көлікке отырғызып есікті жауып алды", -дейді Алина есімді жәбірленуші. 

Есікті аша алмаған соң, қыздарға шабуылдаған азамат өз көлігіне отырып кетіп қалыпты. Ал Алинаның миы шайқалып, басқа да жарақаттар алғаны анықталған. 

Қазіргі таңда қыздарды ұрды деген күдікке ілінген азамат ұсталып, тергеуге алынған.

"Арыз келіп түскеннен кейін жедел іздестіру шаралары жүргізілді, күдіктінің тұлғасын анықтау және оны жауапкершілікке тарту мақсатында жұмыстар атқаралды. Нәтижесінде қыздарды ұрған азамат құрықталды. Ол 1988 жылғы Алматы тұрғыны", - делінген қалалық ПД-нің хабарламасында. 

Аталған оқиға бойынша тергеу жұмыстары қалалық ПД-нің бақылауында. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр