Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шаш пен мұрт та ағармаған: 80 жастағы қария 40 жылдан бері мұздай суға түседі

80 жастағы қария осымен 40 жыл бойы әр қыс сайын суық суға сүңгіп алуды әдетке айналдырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мэлс Молдағалиев - 80 жаста. Егде жасына қарамастан мұзды суға түсіп жүргеніне 40 жыл болған. Өзінің бұл әдетіне денсаулық кепілі ретінде қарайды.

Қарағанды облысының тумасы салауатты өмір салтын ұстанушылардың бірі көрінеді. Өзінің егде жасынан қарамастан ол қысы-жазы қарамай суда балықша жүзеді. 

Егде жастағы азаматтың сөзінше, ол өзін кәрі санамайды. Ал онымен бірге суық суда жүзетіндер қариядан қалып қалатындықтарын жасырмады. 

"Гимнастикалық, дене жаттығуларын жасаймыз. Адамның бойында дене температурасын сақтап қалатын қасиеті болады, соны ояту керек. Содан кейін барып қана суық суда жүземіз", - дейді Мэлс Молдағалиев.

Қария қазақстандық "Сергек" клубының мүшесі екен. Мұндағы тұрғындар қысты кішігірім көлшікте мұздың бетін ойып, тастай суға түсіп алады екен. Клубқа мүше адамдардың қатарында еркегі де, әйелі де бар. Ең қарт салауатты топ мүшесі 80 жаста болса, ең жасы - 7-де екен. 7 -дегі бүлдіршінің ата-аналарының айтуынша, балақай 5 жасынан бері мұздай суға қорықпай малтиды. 

 

 

STAN.KZ
Сейсенбі, 14 Қаңтар, 2020 17:21
Талқылау