Шарындағы сел: Экскурсияда мектеп оқушылары болған
Желіде оқушылар тобы сел өткен Шарын шатқалына экскурсияға барғаны туралы ақпарат таралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Әлеуметтік желілерде 300 оқушы экскурсияға аттанғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Зардап шеккендердің нақты саны, экскурсияны кім, не үшін ұйымдастырғаны туралы ақпарат – барлық мәліметтер анықталуда", - деді Алматы облысы білім басқармасында.
Желі қолданушысыТоғжан Қожалы Facebook-те Шарынға экскурсияға 50 адамнан тұратын бесінші сынып оқушылары бар автобус кеткенін жазған.
"Бұл менің жиенімнің сыныбы. Құдайға шүкір, ол бармаған еді", - деп жазды ол.
Оның айтуынша, экскурсияны ұйымдастырған оқытушы ауруханада жатыр.
"Мұғалімдер мен ата-аналардың ешқайсысы ауа-райын көрмеді ме? Синоптиктер ескерткен жоқ па?"- деп жазды желі қолданушылары наразылықтарын білдіріп.
Желіде Шарындағы селдің видеосы таралды: зардап шеккендер бар
Әлеуметтік желілерде сел кезінде зардап шеккендердің фотолары пайда болды.
Еске салсақ, 29 мамырда Шарын шатқалында сел жұріп, салдарынан екі адам қайтыс болып, алтауы жарақат алды. Оның ішінде біреуі кәмелетке толмаған, 1 адам із-түссіз жоғалған.
Ведомствода балшық-сел тасқыны ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты (ұзақтығы шамамен 15 минут бұршақ аралас қысқа мерзімді қатты нөсер жаңбыр) болғанын атап өтті.