AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шардара су қоймасында балықтар жаппай қырылып жатыр

Шардара су қоймасында балықтар жаппай қырылып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жайында балық шаруашылығы комитетінің баспасөз хатшысы Аслан Жеңісұлы мәлімдеді.

Оның айтуынша, 5 сәуірдегі р ейд барысында Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Түркістан балық инспекциясы бөлімінің балық инспекторлары Шардара су қоймасының №2 учаскесінің жағасында ("Vita" ЖШС-не бекітілген) балық шабақтарының жиналып қалғанын көрген.

Олар балықтардың қырылу фактісін тіркеді.

Көзбен шолып қарау кезінде шабақтардан қабыршақты жамылғының өзгерістері белгілі болды.

Олардың көбі - мөңке және сазан балықтары. Балық инспекторлары мен қорықшылар салмағы орта есеппен 50-60 грамм болатын 4 кг шабақтарды жинады.

Және оларды утилизациялау жұмыстарын ұйымдастырды.

Шардара қаласы бойынша ветеринарлық қызмет зертханалық зерттеулер үшін шабақтардың сынамаларын алды.

"Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы олардың қырылу қаупі және (немесе) өлімі анықталған кездегі өзара іс-қимыл схемасына сәйкес барлық мүдделі органдарға хабар берді. 6 сәуірде Түркістан облысы бойынша экология департаменті мен "Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС Арал филиалы су мен балықтан сынама алуды жоспарлап отыр" дейді Аслан Жеңісұлы.

Зертханалық зерттеу нәтижесі бойынша қорытынды әзірленеді.

Айта кетейік, Шардара су қоймасы Түркістан облысы аумағындағы Сырдария өзенінде орналасқан. 1966 жылы салынған.

Су қоймасы 4 учаскеге бөлінген және кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін төрт пайдаланушыға бекітілген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр