Шарапованың жартылай жалаңаш суреттері ғаламторға тарап кетті (фото, видео)
Бұл суреттер осыдан екi ай бұрын әншiнiң Мәскеуде бейнебаян дайындау кезiнде түсiрiлген. Әншi образға енiп, әртүрлi ашық шомылу киімдермен суретке түскен.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әншiнiң ресми өкiлдерi бұл бейнебаян мен суреттер ТМД музыкалық индустрияға арналғаннын айтады.
“Осы суреттер әншінің жаңа “Бірге ұшамыз” әнiне бейнебаян түсiрген кезде шықты. Ән Gamma Music халықаралық музыкалық лэйблде шыққан. “Студия Монолит” атымен танымал. Лэйблдың атымен Serebro, Глюкоза, Иракли, Сати Казанова, Лигалайз сынды танымал әншілердің синглдері шыққан”, – дейді әншінің продюсері Роман Миронов.
“Қазiр ITunes-те қолжетiмдi. Бiрақ бiреулер менiң рұқсатымсыз суреттердi ғаламторға салып жiбередi деп ойламадым. Себебi, кейбiр суреттерiм менiң ойымдағыдай шықпаған. Бейнебаянда суреттер басқа, ал фотоларда басқа болып шығады”, – дейдi Диана Шарапова.
Бейнебаян ғаламторда жұртшылықты дүрлiктiрiп, дау-дамай туғызуда. Диана Шарапованың кезектi бейнебаяны тындармандардың көңiлiнен шығу шықпауын алдығы уақыт көрсетедi.
Әнші Диана Шарапова 4 октава дауыстың иесі, Голос атты шоу бағдарламасына қатысып, Александр Градскийдің тобынында 3 деңгейге жетті. Қазіргі уақытта, әнші орыс тілінде жаңа альбом жазып, осы күздегі Мәскеуде өтетін ресейлік танымал әртістермен қатар жаңа шоуға дайындалуда.
Жіберіп алмаңыз:
Диана Шарапова отбасымен Тайландта демалып жүр (фото, видео)
Диана Шарапова мектеп түлектерінің әнұранын жазды (видео)
Диана Шарапова шәкіртімен бірге бейнебаян түсірді
Диана Шарапова өз концертінің билеттерін өзі сатып жүр
Диана Шарапова алғаш рет Ресейдегі қызыл кілемнен жүріп өтті