Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шара қолданбаса жаһанды кедейлік жайлады" - БҰҰ

Адамзат жаһандық кедейліктің басталуына дайын болуы керек. Бұл туралы БҰҰ есебінде жазылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

кедейлік

Коронавирус пандемиясы 1930 жылдардағы Ұлы депрессиямен салыстырғанда бұрын-соңды болмаған экономикалық дағдарысқа әкелетіні атап өтілді.

Ұйым өкілі Оливье де Шуттер дүниежүзінде 176 миллион адамға кедейлік қаупі төніп тұрғанын айтты. Баяндамада көптеген елдер пандемия кезінде азаматтарды қолдаудың қысқа мерзімді шараларын қабылдағанын, бірақ  олардың жеткіліксіз екені көрсетілген.

"Егер күніне 3,2 доллар болатын кедейліктің бастапқы деңгейін қолданса, тағы 176 миллион адам кедейлікке ұшырауы мүмкін. Бұл "COVID-19 жоқ" сценарийімен салыстырғанда кедейлік деңгейінің 2,3 пайызға өсуіне тең"", - деді ол.

Шуттер мемлекеттерді кедейлік пен теңсіздікті жою үшін шешуші қадамдар жасауға шақырды, өйткені қазіргі жағдайда, оның пікірінше, ауыр дағдарыс болатыны сөзсіз және оның салдары адамзатқа айтарлықтай әсер етеді.

STAN.KZ
Сенбі, 12 Қыркүйек, 2020 09:29
Талқылау