"Шара қабылданады": Бас прокуратура Лондонда жүрген Бергей Рысқалиевтің видеосына қатысты пікір білдірді
Қазақстанның Бас прокуратурасы ОКҚ брифингінде бұрынғы әкім Бергей Рысқалиев түсіп қалған видеоға қатысты пікір білдірді. Ведомстводағылар барлық арна бойынша шаралар қабылданатынын атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Иә, біз ол видеоны көрдік. Өкінішке орай, еліміздің аумағында қылмыс жасап, шетелде жүрген азаматтар бар. Қазақстанда ол халықаралық іздеуге жарияланған. Құқықтық көмек көрсету, беру мен экстрадиция туралы келісімшарт жасалмаған мемлекеттер бар. Барлық арна бойынша шаралар қабылданады. Бізде сырттай соттауға болатын жағдайлар бар. Сондықтан құқықтық шеңберде шешілетін болады», - дейді еліміздің бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов.
Еске сала кетсек, 5 сәуірде желіде Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің Лондон көшелерінің бірінде жүрген сәті түсіп қалған видео тарап кеткен еді.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді
