AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шаңнан тұншықтық": Қарағандылықтар ЖЭО-ға арналған күл үйіндісінің құрылысына қарсы шықты

Қарағандылықтар негізгі Жылу электр орталығындағы күл үйіндісінің құрылысын тоқтатуды талап етуде. Жоба бойынша күл қоймасы қала ішінде 375 гектар аумақты алып жатыр. Адамдар лас ауамен тыныс аламыз ба деп қорқады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.

Қарағанды қаласының тұрғыны Патимат Сұлтанова, видеодан скриншот

Тұрғындар ЖЭО "Қарағанды Энергоцентр" компаниясымен, экологтармен және билікпен бірнеше рет кездескен. Тіпті аудан әкімдігі тарапынан айтылған жаңа су құбыры мен асфальттың салынуы туралы уәделер оларды тыныштандыруға көмектеспеген. Былтыр тұрғындар ескі күл үйіндісін қалпына келтіру кезінде шаңнан тұншыққандарын айтып, көшедегі жайылған киімдері сұр түске көз алдарында өзгеріп кеткенін айтып, шағымданған. 

“Біз сол жерде тұрамыз. Сондықтан қарсымыз. Басқа орынды таңдап, жасасын. Неге олар біздің тұрғын үйлерді мазалуы керек?” – дейді Қарағанды қаласының тұрғыны Диана Мүбарекшенова. 

“Бізде қазір су басу қаупі бар. Бұл – бірінші қауіп. Олар тіпті өзен арнасын өзгертіп тастаған”, – дейді Қарағанды қаласының тұрғыны Патимат Сұлтанова. 

Тағы бір тұрғын жақын маңда полигон, басқа да зиянды қалдықтар бар екенін айтады.

“Бізде бір жағынан карьерлер қалды, көмілмеген, қалалық полигон бар. Енді күл үйіндісі қалып еді. Бұл жер бізге басқаларға қарағанда жақын, сондықтан біз наразымыз”, – дейді Малика Шиликова.

Бұл жобаға қатысты қоғамдық тыңдау екі жыл бұрын өткен. Алайда тұрғындар жоба туралы үш ай бұрын, жұмыс басталған кезде білген.

Ал қазір ЖЭО иелерінің жаңа жоспарды әзірлеуге уақыты жоқ. Оған төрт жарым жыл керек, ал екі жылдан кейін қолданыстағы күл үйіндісі толып кетеді.

“Бар болғаны екі жыл қалды. Бүгінгі таңда "Қарағанды-Энергоцентрдің” 80%-ы ЖЭО-3-дан келеді. Сіздің балаларыңыз қаланың жоғары оқу орындарында оқиды, оған біз жылу жібереміз. 114 мектеп, 99 балабақшаға. Егер газ Қарағандыға келсе, барлық қазандықтарды ауыстыруға тырысамыз. Бірақ бұл газ қашан келетіні белгісіз”, – дейді "Қарағанды-Энергоцентр" ЖШС бас директоры Сабырғали Ыдырысов.

Әкімдік пен ЖЭО өкілдері қала тұрғындарын күлге арналған полигонның қажеттілігіне сендіруге тырысты.

“Күл үйіндісі болмаған жағдайда ЖЭО-3-ті тоқтатуға тура келеді. Кейбір техногендік апаттарда да оның жұмысы тоқтайды. Күл үйіндісіз станция “өмір сүре алмайды”, – дейді "Қарағанды-Энергоцентр" ЖШС атқарушы директоры Рустам Байжанов.

ЖЭО иелері шаңдануды және орман алқаптарын алдын алу үшін тәжірибелік технологияны қолдануға уәде берді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр