Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шаңырағымның шамшырақтары": Гүлзира Айдарбекова екі келінін жер-көкке сыйғызбай мақтады

Танымал продюсер, әнші Гүлзира Айдарбекова ұлдары Аян мен Заңғардың әйелдерін мақтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 Фото жеке парақшалардан алынды

Продюсер жеке парақшасына қос келінімен түскен фотосын жариялады. 

“Негізі Нұрекең балалары мен келіндері, немерелерімен күнде хабарласып отырады. Мен жұмысым болмаса, мүлде хабарласа бермеймін. Бірақ келіндерім кейінгі кезде "Мама, қалайсыз? Сізде бәрі жақсы ма?" деп көп жазып жүр. Сағынып жүргенін жүрегім сезеді. Іздеп тұрғандары жүрегімді елжіретіп жібереді. Келін жақсы болса, балаларың да жақсы ғой. Зайфун анашым "Балам жаман болса да, келінім адал болсын" деуші еді". Өте орынды айтылған сөз екен. Келіндерімнің жүзі жарқын болсыншы. Менің шаңырағымның шамшырақтары, әппақ гүлдері солмасын", – деп жазды продюсер. 



Айтуынша, келінмен түсінісіп, бір шаңырақтың астында өмір сүру үшін уақыт керек екен.

"Ата-ана деген "қайтсем баламды бақытты етемін?" деп ойлайды ғой. Кейде маған "енесі күн бермей жатқан шығар" деп жазады. Сол кезде таңғаламын. Олар біздің отбасымен бірге өмір сүріп жатқан жоқ қой. Келіндермен қарым-қатынаста кейде соқыр, кейде керең боласың. Өзіңнің туған қызың болмағаннан кейін түсінуі қиын. Бірақ соны түсіндіргіміз келеді. Оны түсінетін келін болса, әрине. Бір жіберіп, бір тартып отырасың. Шыдайтын келін болса, шыдайды, шыдамайтыны болса  өмірімнен жібере салайыншы дейсің. Өздерінің білетін кезі жетті. Айтқаныңа көнетін келін болса, ақылыңды айтасың. Айтқаныңа көнбесе, бәрін тоқтатып, білгенімен жүрсін дейсің. Келінмен ұрсып енелер абырой таппайды", – деді ол.

Еске салайық, продюсер елге келгеніне 20 күн өтпей жатып тағы да шетелге демалысқа кеткенін айтып, сынның астында қалғанын жазып едік. 

Талқылау