Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шаңды дауыл салдарынан Алматының бірнеше ауданы жарықсыз қалды

Алматыда ауа райының нашарлауы мен қатты желдің салдарынан электр жарығы үзілді. Қаланың Медеу, Жетісу, Алатау және Наурызбай аудандарында жарық апаттық жағдайда сөндірілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: kris_p_almaty

"Горный Гигант" шағын ауданында, "РЭС-5" қосалқы стансасында сағат 17:55-те апатты өшіру орын алды. РЭС-3 қосалқы станциясында – 17:40-та. Ақжар және Тастыбұлақ шағын аудандары да жарықсыз қалды.

"Жаңбыр жауып, ағаштардың құлауы 6-10-0,4 кВ тарату желісінің жұмысын тоқтатты. Соның салдарынан алматылық тұрғын үйлер электр қуатынан ажыратылды. Өшірулер Ақжар және Тастыбұлақ шағын аудандарында болды. Жарықсыз қалған аумақтарды картадан қарауға болады", - деп хабарлады "Алатау Жарық Компаниясы".

Сағат 18:10-да Наурызбай ауданындағы РЭС-1-де де апаттық өшіру орын алды. Әйгерім-1 шағын ауданы, Сағи Әшімов, Бенберина көшелері мен Набережная көшесі жарықсыз қалды. "Алатау Жарық Компаниясының" мәліметінше, жарық 3 сағаттан соң қосылады.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда ауа райы күрт өзгеріп, қаланы шаңды дауыл басып қалғаны туралы жазған едік. 

Талқылау