Шамалған бекетіндегі апат: Екі қызы мүгедек болып қалған әйел 40 миллион теңге өтемақы талап етті

Алматы облысында пойыз бен автобус соқтығысынан қос қызымен бірге зардап шеккен келіншек бас-басына 20 миллион теңгеден моральдық шығын талап етті. Жәбірленушілер бұл қаржыны Қаскелең автобус паркі мен «Қазақстан темір жолы» өтеуі тиіс дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды.

шамалған

"Біз 60 миллион теңге талап арыз қойдық. Ол моральдық зиянды біз «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясынан және Қаскелең автобус паркінен өндіріп алуды сұрадық. Өйткені «Қазақстан темір жолы» қазіргі сотталушының жұмыс берушісі болып отыр, ал «Қаскелең автобус паркі» қаупі жоғары көзінің иесі. Бірақ сот ішінара қанағаттандырып, «Қазақстан темір жолы» азаматтық жауапкер ретінде танылды. Ал Қаскелең автобус паркінде қанағаттандырусыз қалды", - дейді жәбірленушінің адвокаты Анар Шыныбекова.

Жәбірленуші Эльмира Жәнібекованың өзі де сотқа қатысты. Ол темір жолдағы жантүршігерлік апаттан соң 3 және 5 жасар қыздарымен бірге жансақтау бөліміне түскен еді. Содан олар әлі өз-өзіне келе алар емес. Эльмираның қос қызы мүгедек болып қалған.

Шамалған бекетіндегі жантүршігерлік апат 15 қыркүйекте болды. Өткелде тұрған автобус бен пойыз соғысып, қоғамдық көлік жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Апатқа қатысты бес айға жуық тергеу жүргізілді. Сотқа айыпталушы ретінде сол күні өткелде кезекшілік еткен Досбатыр Ахметжанов тартылды.

Ол өзіне тағылған айыппен келіспейді. Айта кетерлігі, апаттан соң автобус жүргізушісіне қатысты да қылмыстық іс қозғалған. Алайда оның қайтыс болуына байланысты іс қысқартылыпты. Ал өткел кезекшісіне қатысты процесте 80-нен аса куәгер бар. Бүгін сотта пойыз машинисі жауап берді.

Ол сол күні өткел алдындағы екі бағдаршам жасыл жанған соң, алаңсыз қозғала бергенін айтады. Тек соңғы бағдаршам жылдамдықты түсіру туралы белгі берген. Бірақ ара қашықтық тым жақын болған соң, пойызды тоқтатып үлгермепті.

"Бізде бағдаршамдар диодты. Ол алыстан көрінеді. Ескертуші, кіруші 0 бәрі көрініп тұрды. Яғни жасыл жанғаны. Біз сол ескертуші Шамалған бекетінің ескертуі өткен соң, бізде белгі ауысты", - дейді машинист Ибрагим Қазыбаев.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ-та білім алып жүрген журналист: Кез келген қазақ америкалық бола алады, ал америкалық қазақ бола алмайды

АҚШ-тың білім жүйесі несімен ерекшеленеді, америкалықтар ұлтаралық неке жайлы не ойлайды және қазақтарға олардан не үйрену керек?

Бағлан Әбдірайымов 10 мың теңгеден кітап сатудың себебін түсіндірді

Әнші Бағлан Әбдірайымов түрлі ұтыс ойындарын ұйымдастыру арқылы кітабын сатып жүр

Семейде денесіне цефтриаксон егілген азамат комаға түсті

50 жастағы азаматтың дәріге қарсы реакциясы пайда болған

Коронавирус тағы үш елде тіркелді

Алдағы күндері ауа райы күрт жылынады

Бұған қоса кейбір аймақтарға жауын-шашын түседі

"Димашқа қатты қызықпауға тырысамын": Нұрлан Қоянбаев шоу-бизнестегі әріптестері мен елдің болашағы туралы

Продюсер: "Нұрлан, киноға баруға ақшамыз жоқ" дегенде қатты уайымдап кетемін

Қазақстанда 13 жасында жұмысқа кіргізем деп алдап, жезөкшелікке салған

Құлдық бойынша жиһанның 167 мемлекетінің арасында Қазақстан 83 орында

«Үш рет ажырассаң себеп сенде»: «Қазақтың Кардашьяны» үш күйеуі туралы айтып берді

Соңғы уақытта «Үш рет ажырассаң себеп сенде. Өзің кінәлісің» деп жазып жатыр

Жапониялық лайнерде болған қазақстандық 4 азамат карантинге жабылды

Нұр-Сұлтан қаласына Токиодан тағы 16 азамат ұшып келген

Қазақстан аймақтарындағы футболды қаржыландыруға кететін ақша кесілмек

Аймақтағы спортты дамытуға бөлінетін қаржының тең жартысы футболға жұмсалады екен
Çàãðóçêà...