"Шалдың аты сияқты": Жахан Отарғалиев есімін айтудан ұялатынын жасырмады
Фото: Видеодан скриншот
Танымал актер Жахан Отарғалиев есімін айтудан ұялатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі бала күнінде танысқан адамдардың күлкісіне қалған.
“10-11-сынып оқып жүргенде ауылдарға волейболдан жарысқа баратынбыз. Сол кезде қыздармен танысамыз. Жахан десем: “Не дейді, шалдың аты сияқты” деп күлетін. Содан бері атымнан ұялдым. Ешкімге айтқым келмейтін. Үш жыл қиналдым. Мен үшін ауыр комплекс болған”, – деді актер.
-
"Әйелім кетіп қалды": Жахан Отарғалиевтың тосын жаңалығы елді елең еткізді
-
"16 жылдан бері күтіп жүрмін": Жахан Отарғалиев балалы болуға қатысты жан сырын ақтарды
Кино жұлдызының сөзінше, бүгінде атағы шыққан актерге айналғанын мақтанышпен айтатын көрінеді.
“Есен Елеукен – өнердегі әкем. “Қазір атыңа жұмыс істе, кейін атың саған жұмыс істейді” дейтін. Сол рас екен. Киноларымның арқасында атым таныла бастады. Бәрі мені Жахан деп таниды. Соған қуанамын. Демек, сен жаман деп ойлаған істе сен үшін үлкен хайыр бар екен. Ол негатив те позитив те болуы әбден мүмкін”, – деп жазды кино жұлдызы.

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
