“Шалбар киген жігіт болсаң...”: Блогер Жан Ахмадиев атышулы Олжас Байділдиновті жекпе-жекке шақырды
Фото:Stan.kz
Блогер Жан Ахмадиев атышулы Олжас Байділдиновті жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Энергетика министрінің бұрынғы кеңесшісі әрі сарапшы Олжас Байділдиновтің соңғы уақыттағы пікірлері қоғамда үлкен резонанс тудырып жатыр. Әлеуметтік желіде танымал блогер Айбек Ахмадиев оның кейбір мәлімдемелеріне наразы екенін ашық білдіріп, тіпті жекпе-жекке шығуға шақырды. Блогердің айтуынша, Байділдинов қоғамда қызу пікірталас тудырған бірнеше мәселеде халық мүддесіне қарсы көзқарас танытқан.
“Е, Олжас Байділдинов. Сен шектен шықтың. Газды қымбаттатып, халыққа қарсы шықтың. Қазақ тіліне тиісіп, елдің намысын таптадың. Енді келіп Димашқа тиісіп отырсың ба? Димаш – қазақтың мақтанышы, ол – біздің рухымыз, біздің символымыз", – деді блогер.
Ол бұл тартысты жеке дау емес, ел намысы үшін болатын айқас деп бағалап, Олжас Байділдиновті жекпе-жекке шақырды.
“Сондықтан, Олжас, егер өзіңді шалбар киген жігітпін десең, жұрттың алдында бос сөзбен емес, менімен жекпе-жекке шық. Сені ресми түрде жекпе-жекке шақырып отырмын. Бірақ бұл – екеуміздің ғана айқасымыз емес, бұл – ел намысының айқасы. Қазақтың тілін, мақтанышын, рухын таптаған әр сөзің үшін жауап бересің", – деп мәлімдеді Ахмадиев.
Айта кетейік, Олжас Байділдинов бұған дейін “Қазақстанда қазақ тілінде сөйлейтіндер көбейіп барады, бұл мәселеге қатысты арнайы шаралар қабылдау керек” деген пікірімен қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Бұл мәлімдеме әлеуметтік желі қолданушылар арасында қызу талқыға түсті. Бұған қоса Байділдинов қоғамдық көліктегі жолақы құнын нарық талабына сай 500 теңгеге дейін көтеру қажет екенін айтып, тағы да сынға ұшырады.

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
