Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шақыратын жігіт те жоқ": Қайрат Нұртастың әйелі көшеде оқыс оқиғаға тап болды

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова туған күнінде күтпеген жағдайға тап болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Жеке парақшадан алынды

Көлігі оталмай қалып, айналадан көмек сұрауға мәжбүр болған. 

"Көлігім оталмай қалды. Әрине, аккумулятор отырып қалған. Жақын маңдағы көлігі бар жүргізушілерден тұтандырғыш (прикуритель) іздеп шықтым. Бірақ өкінішке қарай, ешкімде жоқ болып шықты", — деп жазды актриса.



Сондай-ақ актриса, оқыс жағдайдан кейін жалғыздықты ерекше сезінгенін жасырмады.

"Әдетте өзіммен бірге алып жүретін жабдық, қырсыққанда сол күні болмады. Осындайда еркелеп, телефон шалып, шақыра салатын жігіттің де жоқтығы білінді", — деп жазды ол парақшасында.

Еске салайық, "Жұлдыз бөлек контент, мен бөлек контентпін" деп Қайрат Нұртас әйелімен бірге Дубайдан сәлем жолдаған еді. 

Талқылау