Шахизада: Ақбота сияқты үшінші рет тұрмыс құрсам, бақытты болатын шығармын (видео)
Үшінші рет тұрмыс құрған Ақботаның тойы көңілді өткенімен, келген қонақтар көңілсіз күндерін есіне салды. Мәселен, осы уақытқа дейін екі мәрте тұрмыста болған Шахизада, бұл күні сәтсіз некелерінің себебін Stan.kz тілшісіне айтып берді.
«Мен екі рет тұрмыс құрғанда, оларға өзім тұрмысқа шығыппын. Яғни, өзімнің еркелігіммен, өзімнің мақсатыммен, өзім күйеуге шыққым келіп шыға салған екенмін. Ал, енді ойлаймын үшінші рет тұрмысқа шықсам, маған үйленетін ер-азамат бар шығар деп. Сонда ғана бақытты болатын шығармын», – деген Шахизада келер күнге зор үміт артып отыр.
Сондай-ақ, Керімбекованы құттықтай келген қонақтар да ендігі той Шахизаданың шаңырағында болатын айтып меймандарға ерекше әсер сыйлады. Ал, әріптестерінің әзіліне әншінің де берер жауабы әзір…
“Бүгін Ақботадан қалыспай, ол ақ көйлек кигенге мен де ырымдап ақ көйлек киіп келдім» – деп Шахизада да ағынан жарылды.
Шахизада, «Жалғыздықтың тек құдайға ғана жарасқанын» бір сәтке де естен шығарған емес. Алдағы уақытта елуді еңсеріп, алпысқа аяқ басқан әнші үшінші мәрте тұрмысқа қамтанып жатса, таң қалмаңыз!
«Мысалы, менің балаларым, жақсы көретін ер-азамат болса, сізді алақанына салып аяласа тұрмысқа шығыңыз деп баталарын беріп қойған. Өйткені, олар өздері ерлі-зайыпты болғаннан кейін барлығын біледі, түсінеді» – деп ұлы мен келінінің өзіне әрдайым қолдау көрсетіп отыратынын да жасырмады.
Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.
Жіберіп алмаңыз:
Ернар Айдар елден жасырын түрде үйленіп алды
“Тойда тегін ән саламын”: Әнші Кенталдың қулығы әшкереленді (фото, видео)
Үшінші рет тұрмысқа шыққан Ақбота Керімбекованың тойы дүркіреп өтті (фото)