Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шахановтың Испанияға барып өгізбен айқасқаны өтірік болуы мүмкін

Соңғы апта көлемінде жазушы Мұхтар Мағауин мен ақын Мұхтар Шаханов арасындағы ескі дау қайта өршіді. Жазушының ақынға күйе жаққан мақаласына, екінші тарап жауап айтып та үлгеріпті.

69b993da2912628eb81f7f402931383f

Әуелі Мұхтар Мағауин “Қазақ әдебиеті” газетінде Шаханов туралы көлемді мақала жариялады. Онда ақын Мұхтардың Испаниядағы өгізбен айқасуын өтірік деп айыптап және шығармашылығына қатысты да бірқатар сын айтады. Нақтырақ айтқанда, Бауыржан Момышұлы мен Қадыр Мырза Әлі туралы өлеңдері жалғандыққа тұнып тұр деп кінә таққан.

Іле-шала журналист Құдияр Біләл әлеуметтік желіде жауап қатты. Ол ақынның өгізбен бетпе-бет тұрған суретін салып, дәлел келтірген. Алайда желі оқырмандары суреттің қолдан жасалғанын айтып, сенбестік танытуда.

13599884_926238060836234_7595666421163049867_n

Мағауин өз мақаласында “Өмірде мұндай оқиғаның өзі түгілі, елесі де болмаған. Коррида – испан жұртының ерлік пен еп сынға түсетін спорттық, салтанат мерекесі дедік. Гүжбан, асау бұқаны қаншама рәсімді тәсіл бойынша піспектеп, найзалап қанға бөктіріп, ақыры, жіңішке, ұзын семсермен жауырын астын бойлата, жүректен шаншып өлтіру – біз үшін баяғы Римдегі гладиатор шайқастарына тетелес, бірақ адам емес, жазықсыз жануар қорлық жазаға тартылатын нағыз әшшады жабайылық көрінсе керек. Алайда, еуропалық ұғымда ерлік пен серілік. Ал испандар үшін футбол және басқа да спорттық ойындардан әлдеқайда қызғылықты саналатын той-думан. Стадионның орталық алаңына көлденең кісі жіберілмейді. Тіпті, коррида туралы арнайы жазған Хемингуэйдің өзі аяқ басып көрмеген. Баяғыда, Хазіреті-Ғали неше мың кәпірді қатарынан, жапыра шапқанда, зұлпықар қылышы қара жердің қыртысын қақ айырып, бұл ғаламды мүйізімен көтеріп тұрған Көк-Өгіздің мойынын кесіп түсуге шақ қалып еді. Сол замандағы жұрт сенген. Бүгінгі Көк-Өгізге де күмән болмай тұр. Бұл Көк-Өгізіңіз – Жоқ-Өгіз деп айтқан кісі – кәпір көрінбек…”, – деп жазған болатын “Жоқ-Өгізбен шайқас” атты мақаласында.

Бұған дейін қос әдебиет майталманы даңқты қолбасшы Шыңғысхан төңірегінде жиі дауласқан болатын.

Талқылау