Шахандағы көпқабатты үйдің жарылысына кінәлі делінген от жағушының өлі денесі табылды
Қарағанды облысы, Шахан ауылында жарылып кеткен көпқабатты үйдің ісіне қатысты кінәлі деп іздеу салынған от жағушы адам өлі күйінде табылды.
Фото: Дархан Мусин
Полиция мәліметінше, зорлық белгілері жоқ Мейрамбек Жиенбаевтың денесі Шахан ауылы Саран қаласы аралығындағы даладан табылған. Оның далада қанша уақыт өткізгені белгісіз. Мамандар ер адам суықтап көз жұмған болуы мүмкін деп болжап отыр.
“Қазіргі таңда ер адамның мәйіті сараптамаға жіберілді”, – деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.
Еске сала кетсек, 1 қаңтар күні түнгі сағат 22:40-та Шахан ауылындағыкөпқабатты үйдің бір подъезді толықтай опырылып ортасына түскен. Оқыс оқиға кесірінен 9 адам – үш ер адам, үш әйел, үш бала қайтыс болды.
Кейінірек полиция жылу қазандығына жауапты от жағушыны кінәлап, оған іздеу жариялаған болатын.
Оқи отырыңыз:
Терроризмді насихаттап түрмеге отырған алматылық бұрынғы діни ұстаздарымен соттаспақ
Шудың екі тұрғыны карта ойнағандары үшін жарты миллион айыппұл төлемек
Атыраулық экс-полицей Манарбек Өтеуов тағы істі болды
Алматы облысында қытайлық кәсіпкер мен Қазақстан азаматтары соттасып жатыр