Шаханда полициядан қашып жүрген от жағушының әйелі өз болжамын айтты

Шаханда болған апатқа қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша құлаған үйдің от жағушысы әлі іздестіріліп жатыр екен. Ал одан жауап алынды деген кешегі ақпаратті бүгін полиция теріске шығарды, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Безымянный

Тергеу органдары оқиға куәгерлерінің барлығынан жауап алған. Тек ізім-ғайым жоқ болған 41 жастағы от жағушы Майрамбек Жиенбаев қана табылмай жатыр. Бірақ істің ақ-қарасын анықтап алмай, ресми түрде іздеу сала алмаймыз дейді олар. Дегенмен, Жиенбаевты соңғы рет көрген әйелі оқиғаның басқаша болғанын айтады.

Жанұясы Шаханда болғанымен, өзі Өзбекстан азаматы Майрамбек  Жиенбаев от жағушылық жұмысқа өткен жылдың қарашасында тұрған екен. Апат болатын күні әдеттегі түнгі кезекке шығып, қасына ағасының 10 жастағы қызын ертіп кетіпті. Бірақ түнгі сағат оннан өте үйіне ентігіп кеп есікті қаққан.

“Жалма-жан есікті аштым, түріне адам қарауға келмейді, қап -қара боп күйген. Тек көзі жылтырап тұр. Қасында Гүлдана қыз бар. Шамасы газ баллон атылды-ау деп ентікті. Кірген жерде котел тұрады соның үстіне плита құлады деді”, – дейдңі Шахан кентінің тұрғыны Фатима Бұқарбаева.

Жұбайы Фатимаға жоғарғы қабатта газдың жарылғанын жеткізіп, қызды тастап жұмысқа қайта кеткен. Сондықтан ол үй бірден құламаған деп болжайды. Әйтпесе, жертөледен 2 адам тірі шықпасы анық еді. Үйінді астынан денесі де табылған жоқ. Ал қашып кетті дегенге ол мүлдем сенер емес.

“Қалтасында тиын жоқ, құжаттары жоқ түнгі 11-лер шамасында қайда кетеді?Кетсе де, қарға батып өледі ол. Әйтпесе, итпен де іздеген. Ұшты-күйлі жоқ”, – дейді ол.

Дегенмен, полиция қылмыстық істе әзірге куәгер ретінде қаралып жатқан одан жауап алу маңызды деп отыр. Тек оны табу ғана қалған.

“Оның тұрғылықты мекен-жайын анықтау бойынша кешенді жұмыстар жүріп жатыр. Оны анықтағаннан кейін ғана аталған факті бойынша болған оқиғаның мән-жайы анықталатын болады”, – деді Қарағанды облыстық ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Отбасы да Майрамбекті табылса, істің анық-қанығы белгілі бола ма дейді. Сондықтан Фатима ішімдікті татып алмайтын жарының жұмыс орнын тастап кетуі немесе пешке дұрыс қарамауы мүмкін емес деп отыр.

Бұған дейін құтқарушылар үйінді астында 10 сағат бойы жатқан 32 жастағы ер адамды да құтқарып алған болатын. Оны кинолог мамандар табуға көмектескен. Қазіргі таңда ер адам Мақажанов атындағы ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы тұрақты.

“Ол қазір жансақтау бөлімінде. Ішіне кіргізбеді. Бірақ, жағдайы жақсы деп отыр. Жарақаттан бөлек, денесі тоңып қалған”, – дейді туыстары.

Еске сала кетсек, 1 қаңтар күні түнгі сағат 22:40-та Шахан ауылындағыкөпқабатты үйдің бір подъезді толықтай опырылып ортасына түскен. Оқыс оқиға кесірінен 9 адам – үш ер адам, үш әйел, үш бала қайтыс болды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар