Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шахан тұрғыны әйелі мен 8 жыл күтіп сүйген сәбиін жер қойнына тапсырды

Бүгін Шаханда құлаған үйдің астында қалып, қаза тапқан тағы 2 адам жерленді. Елена Алексеенко мен оның 6 айлық ұлымен қоштасуға кент тұрғындары түгел келді, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

1427572761_rebenok-v-planshete

Апат болатын күні Еленаның жолдасы іссапарда болған екен. Оған қайғылы хабарды жақындары естіркен. 10 жыл бойы отасқанда көрген тұңғышы мен жан жарын бір табытқа салған отағасы әбден есеңгіреп тұр. Шіркеу маңында қаралы жиынға келгендердің барлығының қабырғасы қайысып, егіле жылады. Шахандағы апат 9 адамның өмірін қиған болатын. Оның біреуі алтыдағы бала, екеуі жөргектегі сәби. Ертең шахандықтар апаттың соңғы құрбаны 63 жастағы Татьяна Канды жер қойнына тапсырады.

“Лена өзі тамаша адам еді. Тұңғыш балаларын да ұзақ күткен. Енді міне баласы мен жарынан бірдей айырылды. Мына жағдай бәрімізге де ауыр тиді”, – дейді Шахан кентінің тұрғыны Валентин Ходаков.

Бұған дейін құтқарушылар үйінді астында 10 сағат бойы жатқан 32 жастағы ер адамды да құтқарып алған болатын. Оны кинолог мамандар табуға көмектескен. Қазіргі таңда ер адам Мақажанов атындағы ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы тұрақты.

“Ол қазір жансақтау бөлімінде. Ішіне кіргізбеді. Бірақ, жағдайы жақсы деп отыр. Жарақаттан бөлек, денесі тоңып қалған”, – дейді туыстары.

Еске сала кетсек, 1 қаңтар күні түнгі сағат 22:40-та Шахан ауылындағы көпқабатты үйдің бір подъезді толықтай опырылып ортасына түскен. Оқыс оқиға кесірінен 9 адам – үш ер адам, үш әйел, үш бала қайтыс болды.

Талқылау