Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Сербияда өткен турнирде жүлделі болды

Қазақстандық шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Сербияның Нови-Сад қаласында өткен Serbian Chess Open-2022 шеберлік турнирінде жүлделі орын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы шахматшы Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

"Олимпиаданың алдында турнирде бойымды қыздырдым. "Сербия опен", Шеберлер турнирі, әйелдер арасында 3-орын, рейтингім жоғарылайды! Ал енді менің сүйікті жаттықтырушыларыма мықты жиындар кезегі. Рахмет, құрметті жанкүйерлер!" — деп жазды шахматшы.


"Федерация мен құрама бұл ақшаға лайықты емес": "Қайыр тілеуден" бас тартқан Бибісара Асаубаева өтірік детекторынан өтуге әзір екенін мәлімдеді 


Сондай-ақ ол барша қазақстандықты елорда күнімен құтттықтап өтті.

Бұған дейін Ассаубаева Сербияның Нови-Сад қаласында өтетін турнирде жүргенін айтып, Сербияны отызыншы ел тізіміне қосқан еді.

Еске салсақ, Асаубаева Қазақстан шахмат федерациясының президенті Ғалым Құсайынов пен оның орынбасары Дәрмен Сәдуақасовтың ұйымға ақша сұрату үшін спортшыларды Президент Әкімшілігіне алып келгенін айтып, мәлімдеме жасаған еді.

Ол чемпиондардан "қайыршы" жасауға тырысатын адамдардың әрекетінен ұялатынын жеткізген.  Алайда бұл ақпаратты Шахмат федерациясы жоққа шығарған.

Талқылау