Шағын форматтағы шексіз қуат: ASUS ұсынған ROG Ally айрықша консолі несімен ерекше
ASUS өзінің ықшамдалған ойын консолін 2023 жылдың 1 сәуірінде таныстырды. Аз уақытта ROG Ally геймерлер үшін таптырмас құрылғыға айналып үлгерді. Сондай-ақ өз сегментінің үздігі екенін дәлелдеді. Консоль кез келген орында ойын үшін шексіз мүмкіндіктер ұсынады. Ал Windows операциялық жүйесі шексіз хикаялар әлеміне жол ашып, ойынды кедергісіз жүктеуге көмектесіп, алдыңыздан шытырман оқиғалар әлемін ашады.
7 дюймдік дисплеймен қамтылған ASUS ROG Ally бір қарағанда джойстик секілді. Алайда мұны толыққанды ойын консолі деп атауға болады. Көлемі шағын болғанымен, қуатты ноутбуктермен бір деңгейде жұмыс істейді. Бұлай деуге де негіз бар.
Дисплей
Ықшам ойын консолінде Full HD (1080p) рұқсаттамасы бар дисплей орнатылған. Жарқын сенсорлық дисплей мен 120 Гц жаңарту жиілігі ойын графикасын айқын етеді. Осылайша күн сәулесі экранға шақырайып түскен уақытта да ASUS ROG Ally-мен рахаттана ойнай бере аласыз.
Дисплейдегі Corning Gorilla Glass DXC жабыны соққылар мен сырылудан қорғайды. Жолға шыққанда немесе сөмкеге салғанда консольге зақым келеді деп уайымдамайсыз әрі жарықты шағылыстырмайды.
ROG Ally-дың салмағы небәрі 608 грамм. Батырмаларының астына түрлі түсті жарықтар орнатылған. Қолға ұстағанда ыңғайлы. Консоль тек ақ түсте сатылады. Ал артқы бетінде салқындатуға арналған арнайы торлар бар.
Тек сыртқы келбеті ғана емес, құрылғыға орнатылған бөлшектер туралы да айтпай кетпеске болмас. ASUS ROG Ally заманауи ROG Zero Gravity салқындату жүйесімен қамтылған. Мұнда арнайы жіңішке қабырғалы екі радиатор мен жылу түтікшелері бар. Ішкі құрылысы тор іспеттес жасалғандықтан, арнайы жылу түтікшелеріндегі қысым 15%-ға дейін үлкейтілген. Бұл құрылғының қызып кетпей, тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Өнімділігі
Ойын консолінің ең басты артықшылығы – қуатты процессор мен өнімділік. ASUS компаниясы бұл модель үшін арнайы дайындалған AMD Ryzen™ Z1 процессорын орнатыпты. Ал RDNA™ 3 бейнекартасымен бірге жұмыс істегенде, процессордың өнімділігі одан әрі арта түседі. Ал жедел жады 16 Гб-қа тең.
ROG Ally-мен барлық инди-ойындар мен ААА санатындағы ерекше графикалық баптауларды қажет ететін ойындарды ойнауға болады. Сонымен қатар әр ойынға жеке баптау енгізуд қажет етпейді.
Айта кетері, ойын консолінде бірнеше арнайы режим бар. Оларды таңдау арқылы кадрлардың жиілігі мен экранның рұқсаттамасын өзгертуге болады. Сәйкесінше ROG Ally-дың жұмыс уақыты да өзгереді деген сөз. Мәселен, ойын ойнау кезінде жоғары баптауларды қоспаса, 5 сағатқа дейін үздіксіз ойыннан рахат аласыз. Бірақ жоғары баптауларды қажет ететін ойындарды қоссаңыз, онда консольдің жұмыс уақыты 1-1,5 сағатқа дейін қысқаруы мүмкін.
Дегенмен бұл мәселенің де шешімі бар. Консоль 65 ваттық қуаттағышпен қамтылған. Бұл гаджетті қуаттау уақытын қысқартады. Ал USB порты ойын консолінің жоғары бөлігінде орналасқандықтан, ROG Ally-ді қуат көзіне қосып та пайдалануға мүмкіндік бар.
Бағдарламалық жүйесі
Ықшамдалған ойын консолі Windows 11 бағдарламалық жүйесімен жұмыс істейді. Бұл ойындарды стриминг жүйелерінен еш кедергісіз жүктеуге, Steam, Epic, GOG, EA Play сынды лаунчерлерімен жұмыс істеуге жол ашады. Windows 11-ді джойстиктермен және корпусында орнатылған батырмалармен, тіпті дисплейдегі сенсорлы интерфейспен де басқаруға болады.
Ал Windows 11-пен қатар ASUS ROG Ally-де Armoury Crate SE бағдарламалық жүйесі орнатылған. Armoury Crate жүйесі бір ғана батырма арқылы консольге орнатылған ойындарды қосуға, батырма астында орнатылған түрлі түсті жарықтарды өзгертіп, гаджеттің қуат режимдерін өзгертуге болады. Сонымен қатар Armoury Crate SE жүйесіне жылдам баптаулар мәзірін де қоса аласыз. Ал корпусының сол жағында орналасқан батырманы басқанда жарық пен дыбыс, экранның баптаулары орналасқан мәзір ашылады. Бұл ойын ойнау барысында ROG Ally-ге қажетті баптауларды жылдам енгізуге мүмкіндік береді.
Ықшамдалған ойын консолінде пернетақта мен тінтуір жоқ. Сондықтан ASUS гаджетке жеке басқару жүйесін енгізді, ал курсоры оң жақтағы шағын джойстикпен басқарылады.
Қосымшалар мен артықшылықтар
Ойын консолінде сапалы дыбысты Dolby Atmos компаниясы ұсынған қос динамик қамтамасыз етеді.
Айтып өткеніміздей, ROG Ally – толыққанды ойын консолі. Оны теледидарға қосып, Bluetooth ақылы байланысқан джйстиктермен сүйікті ойындарды үлкен экраннан ойнауға болады.
Бұдан бөлек, консоль RTX 4090 бейнекарталы XG Mobile док-станциясына қосылады. Осылайша консольдегі барлық шектеулер алынып, ASUS ROG Ally-дің өнімділігі бірнеше есеге артады. Сонымен қатар қосымша акссесуар ретінде ROG Cetra құлаққабын, ROG Raikiri Pro джойстигін сатып алуға болады.
ASUS компаниясы ұсынған шағын әрі қуатты ойын консолі Қазақстанда небәрі 399 990 теңге тұрады.