AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шағын кәсіпті тонап жатыр": Атырауда кәсіпкерлер жөнсіз салықтар мен төлемдердің көбейгенін айтып шағымданды

Банктер мен монополистер тонап жатыр деген атыраулық кәсіпкерлер өз шағымдарын білдірді. Олар салық жүйесіндегі жыл сайын болатын өзгерістері мен ортанқол кәсіптегі түрлі кедергілерге наразы. Ал өкілетті органдар кәсіпкерлердің шағымын топтастырып, жоғарыда отырған жауаптыларға жібереміз деп уәде етіп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

кәсіпкерлер

Атырауда шағын дүкен иелері тиімді бизнес климатты қалыптастыруды талап етеді. Кәсіпкерлер жылда өсетін коммуналдық төлемдер, міндеттелген пост терминалдар, QR мобильді жүйесі, әр төлемнен ұсталатын банктердің пайызы, тіпті, салық жүйесіндегі есепсіз бағдарламаларға наразылықтарын білдірді. 

"Қазіргі таңда біздің тұтынушылар QR кодты пайдаланып отыр. QR кодты біз қолданған кезде әр келген төлем үшін 0,95 пайыз ұстап қалады. Негізі кез келген ірі компанияда есепшотқа 100 млн теңге түссе де төлем үшін комиссия төлемейді. Неге шағын дүкені бар кәсіпкерлер әр төлем үшін 0,95 пайыз төлеуіміз керек?", - дейді атыраулық кәсіпкер Ләззат Досмағанбетова.

"Тауарға ілеспе жүкқұжат деген келіп жатыр, оның бәрі не үшін керек? Айналымы 1-1,5 миллион теңге болатын шағын дүкен. Кейде бір кісінің төлемін қабылдау үшін 20 минут уақытты алады. Бұдан кейін тұтынушылар өз наразылықтарын білдіреді", - деп қосты кәсіпкер Балауса Нысанова.  

Кәсіпкерлерді қолдаудың орнына монополистер де шағын бизнесті қанап, коммуналдық төлемдердің бағасын жыл сайын көтеруде дейді олар. 

"Біз кәсіпкер ретінде бір күнде 400 мыңға тауар сатсақ, бір айда 12 миллион теңге болады. Сол 12 миллионның 3 пайызы 360 мың теңге қосылған құн салығын төлейміз. Пайдамыздан емес, толық айналымнан төлейміз. Ал оның ішіндегі 15 пайыз біздің пайдамыз. Оның ішінде Атырау жарық алады. Мысалы, менің шағын маркетім 250-340 мың теңге аралығында ақша төлейміз. Оның 3 пайызын банктер алады. Әр аударымға банк 2 пайыз ұстап қалады", - деп наразылығын білдірді Азамат Макке.

Жиналған жүздеген кәсіпкерді тыңдаған жауаптылар мұндай арыз-шағымдар бұрын-соңды түспеді деп отыр. 

"Кәсіпкерлер бұған дейін мұндай арыздар айтпады. Қазір барлық өкілетті органдарды шақырдық. Олар өз салалары бойынша түсіндіреді. Біз өз құзіретіміздегі мәселелерді шешуге тырысамыз", - деді Атырау қалалық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлер бөлімінің басшысы Руслан Даулетов.

Өкілетті орган өкілдерінің сөзінше, кәсіпкерлердің көп талабы жергілікті жерден шешілмейді. Сондықтан арыз-шағымдарын топтастырып, жоғары инстанцияларға жібереміз деп уәде етті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр