Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шағын бизнеске арналған жеңіл кредит: 6%-бен толықтай онлайн

Өмір бұрынғыдай болмайды. Нүкте. Бұл метафора емес, өйткені өткен көктемнің басты жаңалығына айналып, тұрмыс тіршілігімізге етене енген карантин және ТЖ бізге қашықтан қызмет көрсету ұғымын әкелді.

Өзгеріс өздігінен дамуды жетелей жүретіні белгілі, біздің жағдайымызда бұл кең қамтылған  диджитализация болды. Аталмыш жаңалық клиенттеріне барынша қашықтан қызмет көрсету форматын қолдануға тырысқан  компанияларға ғана емес, бір сәтте-ақ «ерікті-мәжбүрлі» түрде көптеген мәселені онлайн режимінде шешіп үйренген біздерге де қатысты болды. Енді одан бас тартуымыз екі талай – өйткені ыңғайлы қолдану, уақыт пен күшті үнемдеу бәріміз үшін оңтайлы екенін түсіндік.

Әрине, оны өзгертіп, кері әрекет ету тіпті керек емес, осы алған тәжірибемізді бекітіп, оны өміріміздің барлық саласында, әсіресе жеке бизнесті дамытуда  барынша пайдалануға тырысу қажет. Осы кезең ішінде бизнесіңіз біраз қиындықтардан өтіп, қосымша қаржыландыруды қажет етіп тұрса, сіз үшін ең дұрыс әрі ұтымды шешім АТФБанк ұсынған жылдық 6% жеңілдікпен берілетін онлайн-кредит болмақ. 

АТФБанк ұсынған микро және шағын бизнеске арналған онлайн-кредит дегеніміз: 

  • толық онлайн – клиенттің банк сайты арқылы өтінім беруінен бастап АТФБанктегі оның шотына қаражат аударылуына дейінгі барлық процес онлайн өтетін болады;
  • керемет тиімді шарттар – қарыз алушыға кредит бойынша мөлшерлеме шағын және микро кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету бағдарламасы бойынша мемлекеттік субсидия есебінен бар болғаны жылдық 6% құрайтын болады; 
  • сомасы 5 млн. теңгеге дейінгі кредитті – банк айналымдағы қаражатты толтыруға береді, яғни оны жалпы және ағымдағы шығындарды жабу үшін – шикізат сатып алу, жалдау құнын төлеу, жалақы беру, жөндеу және т.б. үшін пайдалануға болады. 
  • Кредит мерзімі бір жылға дейін, оны қандайда да бір айыппұл немесе тұрақсыздық айыбысыз мерзімінен бұрын өтеуге болады.
  • Қаржыны тек қана ЖК және ЖШС ғана емес, сонымен қатар басқа да микро және шағын бизнеске жататын жеке қызмет түрлеріне алуға болады. 

Егер «Даму» қорынан кепілдік болатын болса, кредит алу үшін кепіл ұсыну қажет емес, сондай-ақ бизнестің профильді саласы бойынша да шектеулер қойылмаған, ол дегеніміз кез келген саладағы шағын және микробизнеспен айналысатын кәсіпкерлер АТФБанкке батыл түрде өтінім қалдыруына болады деген сөз. 

Онлайн-кредит алу үшін қарапайым 3 қадам жеткілікті:

Банкке бармай-ақ кредит ресімдеу үшін мыналарды орындасаңыз болғаны:

  • сілтеме бойынша өтесіз де, сайттағы өтінімді толтырасыз, ол үшін ЖСН/БСН, мобильді телефон нөмірі және ЭЦҚ жеткілікті, 
  • Кредиттік өтінім бойынша мақұлдау аласыз, ол 5 минут уақытты алады. Кредиттік шарт жасайсыз, ол да онлайн режимде өтеді және шотыңызға ақша түседі. Осының барлығы 15 минут ішінде немесе максимум бір жұмыс күні ішінде орындалады. 

Жеңілдікпен берілетін АТФБанктің онлайн-кредиттерін банктің бұрынғы клиенттері, сондай-ақ жаңадан келген клиенттер де ала алады, бастысы оң кредиттік тарих пен алдағы уақытқа жоспарланған мықты бизнес-әлеуетіңіз болса болғаны. 

Талқылау