Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шағымдар шындыққа жанаспайды": Көлік министрі Air Astana-дағы жанжалға қатысты пікір білдірді

Көлік министрі Марат Қарабаев Air Astana әуе компаниясының бортсеріктерінің еңбек жағдайы мен төмен жалақыға қатысты шағымдарына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Аirastana.com

Министрдің мәліметінше, жағдайды егжей-тегжейлі зерттеу үшін комиссия құрылған. Оған басқалармен қатар еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен азаматтық авиация комитетінің қызметкерлері кірген. Министрдің айтуынша, бортсеріктердің шағымындағы кейбір фактілер шындыққа жанаспайды.

"Бұл үндеулерде келтірілген ақпарат шындыққа жанаспайды. 25 ұшақ бар екені айтылған. Жоқ, "Air Astana-ның" шын мәнінде 54 ұшағы бар. Биыл қосымша ұшақтар келіп жатыр. Жалпы алғанда, "Air Astana-ның" бұрынғы қызметкерлері қол қойған фактілер болды", — деді Марат Қарабаев. 


“Әдейі жасайсыздар”: Белгілі әнші Air Astana әуе компаниясын қымбат аспабын жоғалтты деп айыптады (видео)


Министр "Air Astana-да" бортсеріктердің жұмысы үшін жақсы жағдай жасалғанын атап өтті. Оның айтуынша, әуекомпанияда бонустық жүйе де бар. Компанияда жалпы саны 2 мыңға жуық бортсерік жұмыс істейді.

"Мәселен, "Air Astana" әуе компаниясының қызметкерлері мен бортсеріктері халықаралық рейстер кезінде төрт және бес жұлдызды қонақүйлерге орналастырылады. Сонымен қатар бортсеріктердің өздеріне ғана емес, оның барлық отбасы мүшелеріне де халықаралық және ішкі рейстердің билеттеріне 90% жеңілдік қарастырылған. Өткен жылдың өзінде осындай 20 мыңға жуық билет пайдаланылған", – деді министр.

Еске салсақ, бұған дейін Air Astana бортсеріктерінің жұмыс жағдайларын айтып шағымданғаны туралы жазған едік. 

Талқылау