Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сезімімді айта алмадым": Әнші Рүстем Нұржігіт сыныптасы Ақбота Керімбековада көңілі болғанын жасырмады

Танымал әнші Рүстем Нұржігіт алғаш рет мектеп қабырғасында ғашық болған махаббатының есімін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Дастархан” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әншінің айтуынша, Ақбота Керімбековамен бір мектепте білім алған. 

“Біз Ақбота екеуіміз Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында оқыдық. Бір партада отырдық. Ақботаны бала кезден ұнататынмын. Сол кезде балалар мазақтайтын болғасын, айта алмайтын едім. Ақбота мектепті 1-сыныптан бастап оқыса, мен қатарына 3-сыныпқа көшкенде қосылдым. Пианино класында Әлия Ысқаққызының тәлімгерлігінде болдық. Бір ұстаздан білім алдық десек болады. Екі жылдан кейін, 5-сыныпқа өткенде Ақбота мені және сыныптастарын тастап кетіп қалды. Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатына ауысып кетті. Сол көшетінін естігенде көңілім құлазып, қатты жабырқағаным есімде. Жақсы көретінмді айта алмадым, тиісіп ойнайтынмын. Шашынан тартып, бантигінен ұстағаныма мәз болушы едім”, – деп балалық шағын еске алды. 

Әншінің сөзін естіп отырған Ақбота Керімбекова сыныптасының өзіне ғашық болғанын бірінші рет естігенін айтып, күлді. 

“Сол кезде ғашық екеніңді неге айтпадың?!. Бұл менің мінезімнен қорыққан-ау, шамасы. Бала күнімде еркекшора болып өстім. Үнемі шалбар мен джинсы киіп жүретінмін. Ұлдармен төбелесіп қаламын. 5-сыныпқа көшкенде үйіміз қаланың бас жағына көшетін болды да, мектеп алмастыруға тура келді. Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектептен аттестат алып шықтым. Ол кезде де бұзықтығымды қоймадым. Көшенің балалары болып төбелесетін едік. Көп жігіт сезімін білдіре алмады. Өйткені талай мұрындарын қанатып жібергенмін. Рүстем де соларды көріп, қорқып қалған шығар?!”, – деп әріптесін толықтырды Ақбота.  

Талқылау