Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сейтқазы Матаев пен ҚазТАГ агенттігінің президенті ұсталды

Бүгін таңғы 9:30 шамасында  Ұлттық баспасөз орталығының президенті Сейітқазы Матаев пен ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас директоры  Әсет Матаев ұсталды. Журналистер одағының төрағасы ұсталғаны жайлы «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры хабарлады.

11111661

Бұл туралы Қазақстан-жаңалықтары хабарлайды.

Қордың мәліметі бойынша, Сейітқазы Матаев миллиондаған мемлекет қаржысын қолды қылды деп айыпталуда. Сондай-ақ, ол Алматыдағы Ұлттық баспасөз орталығының кеңсесін заңсыз жөндеуден өткізді деген күдікке ілінген. Ал Әсет Матаев мемлекеттік тапсырманы орындау кезінде миллиондаған қаржыны қымқырды деп айыпталуда.

«Болған жайтқа қарап мынадай болжам жасауға болады:  олардың осы азаматтардың ізіне түсудегі мақсаты ашық диологты алаңның жұмысын  тұқырту. Баспасөз орталығы мен ҚазТАГ жарияланымдарының,  Қазақстан журналистер одағының  қоғамдық белсенділігін төмендету»,- деп жазылған баспасөз баяндамасында.

«Әділ сөз» қорының мәліметі бойынша  ұлттық баспасөз орталығы қазақстандық және шетелдік журналистердің одағы болып 1997 жылы құрылған. Сондай-ақ, одақтың Астана мен Алматыдағы кеңсесі  біраз уақыт бұрын төленіп қойған несиеге сатып алынып, сол қаржыға жөндеуден өткен.

«Ол әрекеттердің заңдылығы  қажетті құжаттармен дәлелденген. Ұлттық баспасөз орталығы өзі жұмысын жалғастыру үшін ешқашан да  бюджеттен қаржы алған емес. Орталық кеңселерінде  отандық, шетелдік түрлі мәселелер бойынша  баспасөз отырыстары өтеді»,-делінген хатта.

«2008 жылы құрылған  жеке меншіктегі ҚазТАГ агенттігі өзі тапқан қаржыға жұмысын жалғастыруда. Мемлекеттік тапсырманың есебін беріп қойған. ҚазТАГ-тың шетелдік әріптестері  Қырғызстанда, Тәжікстанда, Ауғаныстан мен Ирнада телеграфтық агенттіктер, жаңалық порталы  ҚХР-да»,-делінген хатта.

Сейітқазы Матаев пен Әсет Матаевтар өздеріне тағылған күдікпен келіспейді. Қажет болса тағылған айыптардың жалған екенін құжат бойынша дәлелдеп беруге әзір.

 

 

Талқылау