Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сейсмологтар Алматыда тағы жер сілкінісін тіркеді

2024 жылы 23 ақпанда Алматыда екінші жер сілкінісі тіркелді. Оның күші екі балл болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі сағат 16:33-те тіркелді.

"Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 258 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Бұл – афтер сілкініс. Зардап шеккендер мен қирау туралы ақпарат түскен жоқ", – делінген сейсмикалық станциялар желісінің хабарламасында.

Төтенше жағдайлар министрлігі алматылықтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуді қатаң түрде ұсынады.



"Жағдай тұрақты", – деп атап өтті департамент.

Алматылықтар алғашқы жер сілкінісін жалпықалалық сейсмикалық дайындық кезінде сезінді.

Еске салайық, сейсмикалық станциялар желісі бүгін сағат 10:08 шамасында жер сілкінісін тіркеді. Дәл осы уақытта қалада сейсмикалық жаттығу өткен еді.

Талқылау